Массагет порталына түйіндеме қабылдау аяқталды

Массагет порталына түйіндеме қабылдау аяқталды
жеке
блог

Жақында "Жұлдыз FM" радиосы мен Массагет порталы жастарды жұмысқа шақыратыны туралы хабарлаған болатын. Еліміздің әр түкпірінен көптеген жастар өтініш білдіріп, түйіндемелерін жолдады. Бірқатар өтініш білдірушілермен арнайы сұхбаттасу өткізілді. Массагет порталы түйіндеме қабылдау уақытының аяқталғанын хабарлайды.

Басшылықтың қатысуымен түйіндемелердің барлығы да сараланды. Өтініш білдірушілердің көптігінен сүзгіден өткізу біраз уақытқа созылды. Екінші кезеңге өткендерге алдағы аптада хабар беріліп, арнайы сұхбаттасуға шақырылады. Ал, сұхбаттасуға шақырылмағандар келесі кезеңге өтпеген болып есептеледі. Яғни, өтініш білдірушіге ешқандай хабар берілмесе, келесі кезеңге өте алмады деген сөз. 

Ал "Жұлдыз FM" радиосына түйіндеме жіберу әлі де жалғасады. 

Өткен жолығы жұмысқа қабылдау шарттарына еш өзгеріс енгізілген жоқ.

"Жұлдыз FM" радиосы жариялаған кастингке өз ісінің шебері, сөзді маржандай етіп тізбектей алатын, бастысы радиода қызмет етуді армандайтын жастар қатыса алады. 

"Жұлдыз FM" радио толқынында жүргізуші болып жұмыс жасағысы келетін үміткерлерге қойылатын басты талап: 

• Сөзге ұста, жан-жақты, дауысы жағымды болуы керек;
• Тыңдармандармен тілдесу;
• Интерактивті бағдарламалар өткізу;

Егер бұл жұмыстарға өзіңізді лайықпын деп есептесеңіз, massaget.kz@gmail.com поштасы түйіндемеңізді жолдаңыз.

"Жұлдыз FM" радиосы үшін жолданған түйіндемеде міндетті түрде фотосурет болуы шарт, сонымен қатар, дыбыс жазу аппаратына жазылған дауысыңызды қоса жолдауыңыз қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін 87273888119, 87273888118 нөміріне хабарласа аласыздар.

Сурет: kaz.tengrinews.kz