Қуаншылық басқан жаз
жеке
блог

Қуаншылық басқан жаз

Көкжиектен бұлт көрінсе біраздаң соң мамықтай қалқып биікке көтеріліп кете берді. Күнен күнге күн ысыды.
Қуаншылық. Табиғат жаратқан өсімдіктердің бірі қуншылықты көтерсе бірі көтермейді солып, қурап, кеуіп, бойы өсіпеді.
Табиғаттың қатқыл мінезіне жақсы бейімделген өсімдіктер бар. Түбі шоғыр. Жылда бір жерден өсіп түбін жуандатқан көп жылдық өсімдік. Бойы екі-үш қарыс, түсі ашық бозғылт жасыл реңді. Шоғырдан он-он бес шақты жапырақ тік, төменгі жақтағы сабаққа қабыса өскен. Қатқыл жапырақтың шеті өткір. Адамның терісін оп-оңай тіледі. Қияқтың бір түрі. Ыстықты және қыстың бірдей көтереді.
Көктемде су жиналған ойдым жазға қарай кеуіп гүлденген алаңқайға айналуы тиіс-ақ еді. Бірақ, аяқ астынан түскен ыстық шөптің өсіп өнуіне уақыт бермеді ойдымдағы суды бір-екі күнде кептіріп топырақ бетін тастай қатырды. Қазір алаңқайда шөптің сирек қылтаңдары ғана көрінеді. Бой көтеріп үлгермей ыстыққа күйіп жапырақтарының ұштары қурапты.
Далада гүлдеп немесе тұқымы пісіп үлгермей қураған өсімдікті кезіктірдік. Бойы сорайған ошаған. Кейбір сабақтары гүлдеп те үлгермей кеуіп қурапты.
Әдетте жаздың шілде айында апта бойы ауаны қыздыратын ыстық ерте маусымның алғашқы күндерінде түсіп бір айдан бері беті қайтпады. 
Күндіз ауа қызуы отыздан түспеді. Мамыр және маусымның ортасында жауатын жаңбыр жаумады. Шөп өспей топырағы шығып жалаң қалған алаңқайлар жиі кездесуінің себебі де сол шығар.
Кейбір жерді тек шөптің бір түрі ғана басып алыпты. Биіктігі үш-төрт елі, сабақтары жан-жаққа тарқаған иірмен, қурайдың бір түрі. Сабағы өзіндей иірменнің сабағымен шатасып топырақ бетін тормен торлап арал тектес жеке дара бөлініп көрінеді. Осылайша бойы өспей қалған иірмен танылмастай өзгеріске ұшыраған. Жаңбыр жауса әр қайсы жеке-жеке қурай болып өсіп-өніп, қыста сабағы қурап, жазда жел айдаған қаңбаққа айналады.
Жазық далада арнасымен аққан шағын өзен суы да суалды. Ені бір-ақ адым, суы таяз, ұсақ малдың тұяғынан да аспайды. Кейбір жері жасыл, ондай жерде сирек қамыс өскен. Арасынан ірі-қара өтпейді, өткен жылдардан кеуіп қалған қамыс сабағы-ши садақтың жебесіндей қадалғанға дайын. 
Қап-қара көмір тектес айғыр өзінің он шақты байтал мен биден тұратын үйірін өзенге айдап әкелді. Жылқылар қатарынан тұрып су ішкенде өзен бөгелгендей ақпай біраздан соң ағысын жалғастырды.
Екі жүз қойынның артынан жаяу ерген қойшы бала өзенге келіп жетті. Үстіндегі жейдесін шешіп алыпты. Жидесін екі қолына керіп жоғары көтеріп басына көлеңке түсіреді. Аяқ астынан соққан аңызғақ желге қарсы жүгіріп, жидесімен желкен тәріздес жел ұстап, үстінен ысыған ауаны айдайды.
Қойды суарып болған соң, қойларды айнала жүгіріп жинап, иіріп қойды. Өзі өзен суына шайынып алмақшы. Қойлар болса бастарын бір-бірінің астына тығып күн сәулесінен қорғанды. Бір уақытта қойлар арасында апыр-топыр қозғалыс, қойды бастап жүретін үлкен қой тізерлеп жүгіріп жеке бөлініп шығып, танауымен жер жыртып барып тоқтады. Сұр түсті үлкен бүйенді ұстап алып, әп-сәтте жеп қойды.
Алыста көк жиекті жапқан қара тұман көрінді. Қара даул. Жердің шанын көтеріп айдайды. Жан-жаққа абыр-сабырға түссе ұшқан құстар көрінді. Қара даул соққанда бұл төніп келгендей болды. Бірақ жерге аз уақытқа жеткен жылы тамшылар шаңды да баспады, тез-арада асыққандай даул соңымен сейіліп ғайып болды.
Түн тынық. Ауа қызуы сәл қайтты. Жаздың айсыз қараңғы түнінде уақыт өткенін аспандағы жұлдыздардан құраған өрнектердің, яғни жұлдыз шоқтарының темір қазықа қатысты айналып қозғалғанынан байқалады. Кешқұрым жеті қарақшы жұлдыз шоғының төрт жұлдызы трапецияға ұқсап батыстан көрінсе таңға жуық тігіненен төңкеріліп солтүстіктен көрінді. Шығыстан қараңғы қайтты. Ауа қызуынан айрылды. Ендігісінде жай ғана тоңазытып қоймай, ыстыққа үйренген денені тондырып жібереді. Киім болмаса тіске-тісін тимей дірілдейсің.
Құстар оянды. Таң құстар әнімен шыққанымен түс ауа күн қызған соң әлі қуаншылық қайтпағанын еске аласың. Топырақты ылғалдандыратын жаңбырдың алғашқы тамшысы тек тамыздың соңында тамады, оған дейін жетпіс күн бар.