Кеш...

Кеш...
жеке
блог

  Соңғы күндері Қайсардың көңіл қошы керемет болатын. Өзі бұрыннан ұнататын қызы киноға баруға келісім беріпті. Сол күн бүгін болатын. Үстіне ақшыл сары жидесі, қолында орама раушан гүлі бар Қайсар парктің ортасымен келеді. Ұнатып жүрген қызына кездесерде не айтатының алдын ала ойластырып келе жатыр. Ойында бақытты махаббат қиялынан басқа ешқандай уайым жоқ. Көп ұзамай телефонның даусы шықты. Әлгі қыздан хат келдіме деп дереу телефонды аша жөнелді. Күткендей болмады

"Мен сенсіз өмір сүре алмаймын, мені кешірші өтінем. Сенсіз күнім атпайды, түнім батпайды, оралшы маған, немесе мен өлмін! " Бұл сынды хат Қайсар Ләйләмен қол үзіскеннен бастап күн ара келеді. Қайсардыңда жауабы бір: "Бір екеуміз бірге болмаймыз".  Қайсардың қолы дымқылданып, үстін салқын тер басты. Әлгі қызбен махаббат ертегісі бұлттар арасына кете барды. Осы кезде артынан біреу сап ете ұстап алды. Біл әлгі қыз болатын. Қайсар дереу өзгеріп, бетінен сүйіп, белінен ұстай кинотеатрға қарай тартты.

Бөлменің іші қараңғы. Шашылған төсектің үстінде жыламсыраған қыздың даусы естіледі. Бұл көзін іспек алған Ләйлә болатын. Қайсармен түскен бақытқа толы кездердегі суретті қайта - қайта ақтаруда. Саябақ. Қайсар екеуі саябақта кездескен болатын. Суреттің көбі саябқпен бірге болған. Бір кез Ләйләні жын түрткендей орнынан тұра жөнелді. Аяғында үйде киетін аяқ киім, бет -ауызы іспек алған, шашы алба - жұлба Ләйлә саябақтың ортасында ескерткіштей қатып тұр. Тек көзден дамыл таппай жас төгілуде. Ол Қайсарды бөгде біреумен көрді. Енді орнынан қозғала бергенде екеуіде жоқ болды. Ләйлә естен адасқандай аналаны дамылдай жүгірді, ақыры үйіне қайтты.

Кинодан соң Қайсар қызды шығарып салып келе жатқанда, қоңыраудың үні естілді. Бұл Ләйләнің анасы болатын. Даусында сабырсыз діріл бар. Ләйләнің дарға асылған денесі табылыпты. Қайсардың денесін суық тер басты. Дереу үйге жүгіріп, бөлмесінің есігін жауып алды. Ол үшін бұл әлем құдды жоқ секілді, қазір - ақ миы жан - жаққа шашырап кететіндей көрінді. Қайсар түні бойы көз ілмеді. Өзін соншалықты опасыз адам сезінді. Бір сәт жүрек дамл таппады. Ләйләні сүйеді екен, сүйген екен бозбала.

Таңертең  ата - анасын жұмысына шығарып салып есікті жауып, Қайсар ваннаға су толтырды. Үстелдің үстіне бір бума қағаз тастады: "Мені кешіріндер!"

Суға толы ваннада Қайсар отыр. Қолында алмасы (лезвия) бар. Көп ойланбай жас бала тамырынан сорт етіп кестіде жіберді. Қайсардың қолынан қан суша сорғалады. - Қазір Ләйләшім, қазір мен саған барам. Мен сені сүйгем, қазір соны айтам. - Кеудесі ауадан тарығып барады. Бейшара жігіттің көзі қан басты, ақтық демімен "сүйем сені" - деп шықты...

Біраздан соң телефонға хабар келді. "Менің тірі екенім, өлі екенім саған бәрі бір екен!, Ендеше қош бол! Ләйлә!" ...