Екі есік...

Екі есік...
жеке
блог

Екі есік...

 

Бір есік бар келгеніңді күтетін,

Бір есік бар кеткеніңді күтетін.

 

Бір есік бар жақсылыққа бастайтын,

Бір есік бар жақсылыққа ашпайтын.

 

Бір есік бар ерлер ғана кіретін,

Бір есік бар қыздар «етек» түретін.

 

Бір есік бар ашық тұрар қашанғы,

Бір есік бар соған  қарсы жасанды.

 

Бір есік бар иман дейтін ибалы,

Бір есік бар сасық байлық жиғаны.

 

Бір есік бар іші толған бақ мекен,

Бір есік бар бақ мекенге жат мекен.

 

Бір есік бар ашылатын ашқанда,

Бір есік бар ашылмайтын сасқанда.

 

Бір есік бар темірменен торланған,

Бір есік бар нұр іздеген жалғаннан.

 

Бір есік бар есің кетіп қалатын,

Бір есік бар  есіңе ес табатын.

 

Бір есік бар сынық айлы бейнесі,

Бір есік бар басатын көп түймесі.

 

Бір есік бар өтірікті іздейді,

Бір есік бар үміт мәңгі  үзбейді.

 

Бір есік бар «ашық тұрса» қағасың,

Бір есік бар одан ләззат табасың.

 

 

Бер есік бар іші толы жақсылық,

Бір есік бар іші толған бақсылық.

 

Бір есік бар сүйгеніңді табасың,

Бір есік бар түнде терлеп таласың.

 

Бір есік бар ашылмайтын ешкімге,

Әлі  ашылған жоқ!

 

Марғұлан АҚАН