Көріпкелдер туралы

Сәлем, қыз-жігіттер!

       Қалай бастарымды білмей отырғаным) Сразу) жаза берейін: Осы күнге дейін көріпкел-экстрасенстерге сеніп келмеген едім. Жігіт басыммен оларға жүгіну де ұят қой) Содан жақын арада бұрыннан бір таныс дос қызым бір көріпкел туралы айтқан еді. Өзінің жанұясы, айналадағы жүрген адамдар туралы айтып беріпті. Қызықтырмаса да, егер де сол кісі келіп жатырса, мені шақыра қоярсың деп айта қойғам. Күндердің күні сол көріпкел қыздың келетіні жайлы хабар естіген соң, жұмысымды тастап, со жаққа жүгіре кеттім. Содан қазір сенбегендіктен күліп жібермесем болар еді деп отырған адам едім) Өзім де сондай бір салмақты жігіт емеспін) Содан не керек, сол қызға бөлмеге кіргем сол, қолымды ұстады да, мен туралы әңгімесін бастай жөнелді) Көріпкел қызымыз жап-жас  қыз екен, сымбатты да, дауысы да жағымды. Басында күліп жіберем ау дегенім, сол кезде-ақ басылды. Мен туралы, үйдегі жанұям туралы және қоршаған адамдардың бәрін сипаттап, 100 пайызға айтып әңгімелеп берді. Осыдан кейін қалай сенбейсің?))  Өзі және де психолог екен, маған ақылын да айтты, жәй ғана болашақтан кішкентай болжам жасап берді) Айтарым, бұл қыз мені 4-5 жылдай бақылап жүрді дейік немесе оның шыныменен де көріпкелдік қасиеті бар)).

Ал, сіздер бұған не дейсіздер? Сенесіз бе?



Бөлісу: