Маған маза бересің бе?

Маған маза бересің бе?

Ұйықтағым келеді.

Өлесі етіп шаршатқансың себебі.

Өшір мені өміріңнен мәңгіге

Тек тыныштық, қазір маған керегі.

 

Бұл көргенім... Иә... Доғар, жетеді!

Осың ушін жұқарады,

талай жүйкем кетеді.

Енді мүлдем хабарласпай, хат жазбай

Мен жайында ойланбасаң не етеді?

 

Сен мынаны жақсы есіңе сақтап ал,–

Менің кеудем сенің үшін ашылмайтын

"Тас қамал".

Өмірімнен сызып сені тастадым,

Болмаған соң бұдан басқа амал.

 

Сенде менің жоқ ешқандай жұмысым,

Сені көрсем тарылады тынысым.

Мазалап сен бастай қалсаң түн ішін

Жоғалады мүлдем менің тынышым.

 

Сүттібай Ақсұлу



Бөлісу: