EXPO -2017 мәдени саясаттың негізі ретінде

Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік.

        EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге ниетті Қазақстан әлемдік қауымдастыққа «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынғаны белгілі. Қалай дегенде де, EXPO сияқты халықаралық көрмелерге қатысу қай елдің болса да әлеуетін дүниежүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндік деуге болады. Оның үстіне, әлем алдында  өзіңнің даму деңгейіңді іс жүзінде дәлелдей отырып, шараны жоғары жауапкершілікпен өткізу –өте  зор құрмет. Өйткені елдерді достастыру, ауызбірлікке шақыру, инфрақұрылымдарды лайықты деңгейде дамыту –жоғары  дәрежеде өтетін кез келген іс-шараның мақтанышы. Әрине, бұл оңай шаруа емес.Астанада EXPO өткізуге арналған тақырып кездейсоқ таңдап алынбаса керек. Жерінде табиғи байлықтың мол қоры бола тұра Қазақстан баламалы энергетика мәселесін қозғауы тегін емес, әрине. Өйткені, шикізат көзіне айналып отырған еліміз оның түбінде бір түгесілетінін жақсы түсінеді. Сондықтан да тұрақты энергияны, баламалы энергетиканы пайдалану және табиғи ресурстарды сақтау барлық энергетикалық саланы дамытудың басым бағытының бірі болып табылады. «Болашақ энергиясы» - жел, күн, су, ғарыш баламалы энергетика, биомасса энергиясы, атмосфераға СО2 қалдықтарын төмендету мәселелерін терең қозғайтын өте ауқымды түсінік. EXPO көрмесінде қазақтың ұлттық мәдениеті жаңғыртылмақ. Бұл дегеніміз көрменің зиянынан пайдасы көп демекпін.Себебі мәдениетімізге тигізетін зор мүмкіндіктері,яғни әрбір салынған ғимараттар еліміздің көркеюіне алып келсе ал төл мәдениетімізді жаңғырту мақсатында,есімі түркі дүниесіне ортақ, ойшыл Қорқыт атаның мемориалдық кешені сонымен қатар өзгеде тарихи мұраларды  таныстыру жоспарлануда.Осы мұралардың арқасында бүкіл әлем қазақ мәдениетімен танысып оның кең етек жаюына бірден бір мүмкіндік бермек.ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттер үніне толады. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады.Н. Назарбаев EXPO көрмесін өткізу нәтижесін барынша игілікке жарату, ең алдымен туризмді дамытуға пайдалану мәселесіне назар аударды. Мемлекет басшысы, сонымен қатар, Мемлекеттік комиссияға туристік бағыттардың еншісіндегі автожолдардың бойындағы сервисті осы заманға сай жабдықтау жөнінде ұсыныстар енгізуді, сондай-ақ, қалалар арасындағы көлік жүйесінің жаңа жүктемелерін ескеруді тапсырды.  EXPO -2017 көрмесіне дайындалу және өткізу кезінде отандық экономиканың ресурстарын, әсіресе шағын және орта бизнестің жетістіктерін барынша пайдалануды жүктеді. «Осы шараға арналған құрылыс материалдары мен қызмет көрсету импортын төмендету үшін біздің барлық ішкі өндірісті іске қосу керек. Өз кезегінде шағын және орта бизнес сондай қызметтер мен тауарлар көлемін көрсетуге дайын болуға тиіс. Олардың қызметі сапаның ең жоғары талаптарына сай болуы керек», - деп атап өтті Президент.ЕХРО-2017 көрмесі қажетті шара екенін түсінуі керек екендігін айтты. Осы орайда бүгінде EXPO ұлттық идеядан ұлттық жобаға ауысқандығы атап өтілді. Бұл оқиғаны біз қатысатын халықаралық алаңдардың бәрінде, әлемдік деңгейде насихаттауды қамтамасыз ету керек.«Біз инвестицияның ағылып келуіне қуатты серпін береміз, он мыңдаған жұмыс орындарын ашамыз. Еліміз құрылысқа, туризм инфрақұрылымына, қонақ үй бизнесіне тартылған инвестициялардан үстемеленген әсер алады. Көрмені өткізу басты нәрсе емес, ақыр аяғында оның ел мен халыққа қандай пайда әкелетінін анықтау маңызды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

      Қорыта келсек, «ЕХРО көрмесі тек өсіп келе жатқан мемлекетте болады, артта қалған мемлекетте болуы мүмкін емес»-демекші қырғыз елінің профессоры Топчубек Тургуналиев, ия, бұл қуаныш қазақтардікі.Әсіресе қазақ жастарыныкі.Өйткені, бұл дүниежүзілік көрме,өсіп келе жатқан жас толқынның жаңа өміріне жаңа серпіліс бермек.   EXPO көрмесінде қазақтың ұлттық мәдениеті жаңғыртылмақ. Бұл дегеніміз көрменің зиянынан пайдасы көп демекпін.Себебі мәдениетімізге тигізетін зор мүмкіндіктері,яғни әрбір салынған ғимараттар еліміздің көркеюіне алып келсе ал төл мәдениетімізді жаңғырту мақсатында,есімі түркі дүниесіне ортақ, ойшыл Қорқыт атаның мемориалдық кешені сонымен қатар өзгеде тарихи мұраларды  таныстыру жоспарлануда.Осы мұралардың арқасында бүкіл әлем қазақ мәдениетімен танысып оның кең етек жаюына бірден бір мүмкіндік бермек. Көрмені көру оңай, құру қиын болмақ.Таңдап алынған  "Болашақ энергиясы", барлық адамзат үшін біркелкі болып, экологиялық қауіптің, энергия тапшылығы секілді глобалды проблемаларын шешудегі бірден-бір жол болып табылатынына сенімім зор. Күннен күнге дамып жатқан заманауи технологияларды тиімді пайдалану үкіметтік деңгейде қолға алынса, біздің дәстүрлі энергия көздеріне тәуелділігімізді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік туар еді. Сонда біз қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан қорғап қана қоймай, көптеген жұмыс орнын құрып, сатып алу қабілеттілігін арттыра аламыз. EXPO көрмелерін мил­лион­даған туристер келіп көреді,  әр ел ұлттық мәдениет ерек­шелігі мен өз экономи­ка­лық, технологиялық даму деңгейін әлемге танытатын бірегей павильонын жа­сауға ұмтылады. Осының нәтиже­сін­де келушілер павильондардың ға­жайып сәулеттік бейнесімен бірге ең жаңа ғылыми жетістіктер негізінде жасалған экспонаттарды көруге мүм­кіндік алады.Бұл дегеніміз шет елдерден келетін әрбір адам,біздің жеріміздегі көрмені  тамашалап ғана қоймай сонымен қатар мәдениетіміз бен дәстүрімізді,ұлттық киіміміз бен тағамадарымызбен таныс болады.Сондықтан да біздің Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін EXPO-2017 көрмесін өткізудің маңызы өте зор. Астана ЕХРО-2017 көрменің бүкіл әлемдік деңгейде өтетініне,оның жаңа идеялар мен олардың жүзеге асуына бірден бір септігі тиетініне және де Қазақстанымыздың дамыған әлем елдерімен терезесі теңдей болатынына сенімім зор!



Бөлісу: