"Сұңқар" кәсіподағының жігіттерінен аруларға!

       Әуелі, барша біздің сұлу аруларымызды атаулы көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!!! Сұлу ару жандардың мерекесі жақындап қалды дегеннен елімізде үлкен дайындықтар жүріп жатыр.

Бұл мереке біздің сүйікті университетіміз ҚазҰУ мен сүйікті кәсіподақ «Сұңқарды» да айналып өткен жоқ. Жігіттеріміз керемет концерттер ұйымдастырып, бірінен бірі асып түсіп жатыр. Алтыншы наурыз күні университетіміздің алдында таңғы 7:00 – лер шамасында «Сұңқар» студенттер кәсіподағының тепсе темір үзетін жігіттері университетіміздің барша ару қыздарына гүл шоқтарын таратты. Қыздарымзы риза болып, құшақ гүлдерімен сабаққа әсем көңіл – күймен жол тартты. Мұндайды ұйымдастырған біздің «Сұңқар» студенттер кәсіподағының жігіттеріне алғысымыз шексіз!!! Тіпті, әлеуметтік желілерде де құттықтаулардан көз ашылмайды.

Мәселен, ерекше құттықтау мен үшін кәсіподақтың ең белсенді мүшесі Жангелді Сұлтанханның құттықтауы болды. Әрине, алған әсер де ерекше болды. Сосын, кешке университет жігіттері ұйымдастырған тамаша кешке барып бір серпіліп қалдық. Айтқым келгені, біздің жігіттер креативті, үнемі барлық жағынан белсенді. Аруларын осындай керемет күні ерекше құттықтаған «Сұңқар» жігіттеріне айтарымыз ендігі кезекті бізден күтіңіздер!!! ҮЛКЕН РАХМЕТ!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

«Сұңқар» студенттер кәсіподағының баспасөз хатшысы

Беласар Гүлжанат



Бөлісу: