14-ақпан «Ғашықтар күні» дегенге қарсымын!
блог
Жыл сайын 14-ақпанды асыға күтетін жастар көп. Әсіресе мектептің жоғарғы сыныбындағы оқушылар мен студенттер үшін аталмыш күн ерекше мереке. Жасыратыны жоқ бұрындары бұл мейрамды менде тойлайтынмын. Мектеп қабырғасына ілінген жәшіктен өз мекен-жайыма жызылған хаттарды алып, оқығанша асығушы едім. Мектепте хат көп келген адамға арнайы сыйлық дайындалып, дискотекада тапсырылатын. Сол үшін, хаттардың көптеп келегенін тілеуші едік. Түрлі-түсті жүрек тәрізді құттықтау қағаздары лег-легімен келіп жататын. Біреуі ұнайтын жігіттен, екіншісі мүлде ұнамайтын жігіттен, енді бірі досыңнан деген сияқты. Өзіме ұнайтын жігіттен келген хаттарды қайта-қайта оқи беріп жаттап алатынмын. Ал, унамайтындардың хаттарын тіпті ашыпта қарамайтынмын. Дәл осы күні «Әулие Валентинге арманыңдағы жігітті айтып, қол жайып, тілек тілесең қабыл болады» дегенді естіп алып, балалықпен оны да іске асырдық. Қазір есіме алсам күлкім келеді. Бірақ неге екені белгісіз, 1-курс студенті болғаннан бастап мен үшін «Валентин күні» өз күшін жойды. Бұл мейрамды тойлауға аса құлықты болмадым. Группаластарым жарысып, тапа-тармағай құттықтау қағаздарын сатып алып, сүйіктілеріне жазып жіберіп жататын. Мағанда өзге топтың жігіттерінен хаттар келетін. Бірақ, мән бермейтінмін. «Әулие Валентин» деген кім өзі? Қайдан шыққан? Осы сұрақ төңірегінде көп іздендім.
Жалпы «Әулие Валентин» күнінің шығу тарихы жайында не білесіз?
Ерте заманда Рим императоры жарлығымен 14 ақпан «Әулие Валентин» күні деп жарияланады. Бұған себеп Валентин деген католик дінінің өкілі үйленуге болмайтын, бірақ бір-бірін сүйетін жандарды император жарлығына бағынбай,некесін жасырын қиып жүрген. Осы жайтты естіген император Валентинді түрмеге жабуға бұйрық шығарады. Католикші «монахтарға» діни негіздер бойынша үйленуге тыйым салынған. Бірақ оған қарамастан өзінің құмарлығына жол беріп, Валентин түрме басшысының қызымен кездесуге бел буады. Мұны байқаған қорғаушылар оны дарға асып өлтіреді. Содан бері христиан дінінің католик тармағын ұстанатындар 14-ақпанды «Ғашықтар күні» деп тойлайды екен. Өйткені, олардың ойында «Валентин махаббатың құрбаны болды» деген түсінік қалыптасқан. Мінеки, көрдіңізбе, қайдағы бір католиктер мейрамы біздің қазақ жастарының да соқыр сенімдері бойынша «Ғашықтар күні» болып тойланып жүр. Ал оның қазақтардың ғашықтар күніболуына ешқандай негіз жоқ.
Қазақтың дархан даласы қандай кең болса, оның махаббатыда сондай шексіз. Ләйлім-Мәжнүн, Еңлік- Кебек, Қозы мен Баян, Төлеген мен Жібектің махаббаты осының бір дәлелі. Жастарымыз жаппай католиктердің Валентинін өзіне пір тұтып, 14-ақпанды мереке етіп тойлағандықтан Республикалық жастар қозғалсы ақылдаса келе 2006 жылы 15-сәуір «Қозы мен Баян» ғашықтар мейрамы деп белгіледі. Расында да қазақи «Ғашықтар күнінің» болғанына қуанамын. Бірақ бұл мереке пәктік пен шынайы сезімнің, құрмет пен отбасылық тіректің мейрамы болса игі. Жалпы қазақ болмысына тән қасиеттермен тойланса деймін. Ұлттық ділімізге, дінімізге, мәдениетімізге жат қылықтардан сақтанып, қазақ болып туған соң, мұсылман болып жүріп католиктердің мерекесін «Ғашықтар күні» етіп дүркіретіп атап өтуден аулақ болайық жастар!
Біз қазақпыз, ғашық болған Баянға,
Ей, жастарым елін үшін аянба
Ғашық болсаң Валентин күнін емес
Қалқаман мен Мамыр жайын баянда.
Биз қазақпыз ғашық болған Жібекке,
Еңілікті айт ынтық болған Кебекке
Қазағымның өз тарихы тұрғанда
Өзге ұлттың Валентині керекпе?