Адалдық

Адалдық
жеке
блог

     Адал болу адам алғышарттарының ең негізгі тамырынан бастау алады десек, артық айтпаспыз! Әділдікті, шыншылдықты жаны сүйер азамат барлық жағдайда да бақытты. «Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық», - деп пайымдаған Бауыржан атамыз. Қалайша дөп басып, дәл айтқан десеңші?! Расында да, мына жалғанда өтіріктің балы ұзаққа апармайтыны рас. Пенденің шынайлығы мен шыншылдығы ертеңгі күні адам білмес асуға жетелері анық. Сол жетектегі адам – шын бақытты. Адамның ішкі жан дүниесі қандай күйде болса, сол оның сыртқы рең-түріне әсер етпек. Өтірікке жаны құмарлардың сыртқы әлемінде де құмарлығы артып, адам белгісіз жайттарға соқтыруы әбден мүмкін. Алайда, адалдың ондай сезімнен ауылы алыс. Сөз соңында Әл-Фараби атамыздың мына сөзімен аяқтамақпын: «Адамның өз ожданы алдында адал,шыншыл болуы адам өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады.»