Оңтүстік Қазақстан облысында «Жастар Отанға!» еріктілер топтары белсенді жұмыс жасауда.

Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аудан, қала орталықтарында «Жастар - Отанға!» еріктілер жасағының жұмыс жасауда. Бүгінде облысымыздағы 449 Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне көмек көрсету мақсатында «Жас Отан» ЖҚ мүшелері бекітіліп, «Жастар - Отанға!» еріктілер топтары жұмыстары жүргізілуде.  


2015 жылғы 3 наурыз күні «Жас Отан» ЖҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы кеңесінің мүшелері, ҰОС ардагері Ахунов Боранды келе жатқан Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойымен құттықтады. Жастар батыр аталарының өмірімен танысып, өнегелі әңгімесін тыңдап, батасын алды. Жасотандықтар ардагердің ауласын тазартып, көшет отырғызды.

Жобаның негізгі мақсаттарының бірі – Ұрпақтар сабақтастығы мен диалог алаңын қамтамасыз ету, қоғамда ынтымақ, патриотизм, қарт адамдарға және дәстүрге деген құрметті күшейту.

«Біздің ардагерлеріміздің ерен еңбегімен ерліктерінің арқасында біз жастар бейбіт және тәуелсіз мемлекеттің жастарымыз. Ардагерлеріміздің өмірлік тәжірибелері бізге жастарға қателік жасамауға және бейбіт күннің, ашық аспанның қадірін білуге негіз болады», - деді Шымкент қалалық «Жас Отан» Жастар қанатының Атқарушы хатшысы Жұмабаев Нұрдаулет.




Бөлісу: