Сайрам ауданында «Еркін-пікір» дискуссионды клубының отырысы өтті.

Cайрам ауданында «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Еркін-пікір» дискуссионды клубының отырысы өтті.


Кездесуге «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының Сайрам аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асланов Шакиржан, аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Умирзаков Ғани, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Тойчибаев Хаятулла, аудандық кәсіпкерлер палатасының маманы Әбілдәбеков Қанат, аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» КММ-нің директоры Хамраев Жаңабек, «Жаңғырық» пікірсайыс клубының төрағасы Аширбеков Жанғали қатысты.
Дискуссионды клубының отырысында аудан жастарын жұмыспен қамту, жастар кәсіпкерлігін дамыту мәселелері қаралды.
Бүгін «Еркін-пікір» дискуссионды клубында аудан жастарын жұмыспен қамту, жастар кәсіпкерлігін дамыту мәселелері қаралды.
Дискуссионды клуб отырысына қатысқан мемлекеттік органдармен, кәсіпкерлер палатасымен, кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығымен, жастар ұйымдарымен жастартар кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған бірлескен жобалар іске асыруға келістік.-дейді «Жас Отан» ЖҚ Сайрам аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Асланов Шакиржан.



Бөлісу: