Ғарыштағы селфилер

Ғарыштағы селфилер
жеке
блог

Осы аптада “NASA” 600ге жуық фотосуреттерді Лондондағы Блумсбери аукционында саудаға қояды. Фотосуреттердің бағасы 465 доллардан 15,5 мың долларға дейін болуы мүмкін, олардың жалпы бағасы 775 мың долларды құрауы жоспарлануда.  

Төменде олардың ең қызықтыларымен таныс боласыздар: 

Ғарыштағы алғашқы селфи: Базз Олдриннің “Gemini 12” миссиясы уақытында түсірілген суреті (1966 жыл, қараша)

Жерді ғарыштан түсірілген ең алғашқы түрлі - түсті суреті (1967 жыл,  тамыз)

Ғарыштағы асхананың ерекше тағамдары —“Аполлон-8” миссиясы (1968 жыл, желтоқсан)

Базз Олдрин Ай бетіндегі алғашқы қадамын тастауда (1969 жыл, шілде)

Базз Олдрин “Аполлон-11” миссиясы уақытында АҚШ туымен (1969 жыл, шілде)

Базз Олдрин және Нил Армстронгтың бейнесі (1969 жыл, шілде) 

Нил Армстронгтың Ай бетіндегі  анық түсірілген жалғыз суреті (1969 жыл, шілде)