Ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар мен қаракөз қарындастарымызды қалай қуантамыз?

Ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар мен қаракөз қарындастарымызды қалай қуантамыз?
жеке
блог

Көктем де сағындырып келіп қалды... Көктем барлығымыздың жан дүниемізді оятып, жаңа күш беретін мезгіл іспеттес. Егер мезгілдердің ішінен бірін таңдап алып, оны сұлулықтың, әдеміліктің, бекзадалықтың символы деп бағалайтын болсақ, ол көктем болатыны сөзсіз! Бұл мезгілде айналамен қоса, арулар да құлпыра, жайнай түседі. Арулар демекші, жыл сайын барлық халықтарда сегізінші наурызда тойланып келе жатқан халықаралық әйелдер күні де таяп қалды.
            Бұл мереке бастауын 1857 жылдың 8 наурызында Нью-Йорк қалаcында тігін және аяқ киім фабрикасының жұмысшы әйелдері наразылық шарасын өткізген күннен алыпты. Осы оқиғадан кейін, әйел азаматтары өз құқықтарын қорғау үшін біршама жұмыстар өткізіп, түрлі кәсіби одақтар құрған екен. Осылайша, 1910 жылы Копенгагенде жұмысшы әйелдердің қатысуымен 2-халықаралық конференциясында Социал-демократ партиясының әйелдер тобының көшбасшысы Клара Цеткин 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін жыл сайын белгілі бір күнде тойлау керектігі жөнінде өз пікірін білдіріпті. 
            Мерекенің тойланып келе жатқанына бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, мерекенің қарсаңында жақын жандарымызға не сыйлаймыз деп әлек боламыз. Сол себепті де, бұл блогта нәзік жандарды, олардың жыл бойы асыға күткен күнінде, не сыймен қуантуға болатыны жайлы кеңестерге арнаймын. 

Ардақты да, аяулы аналарымызды қандай сыйлықтармен қуантуға болады?Аналарға сыйлық

  1. Үй шәркесі. Үйде кигенге ыңғайлы, әрі іші жұмсағын алғаныңыз абзал. Анаңыз сіз сыйлаған шәркені киген сайын сізді еске алып, қамқорлығыңызға қуанатынана күмән жоқ.
  2. Иіссу. Жағымды иісті жақтырмайтын адам жоқ шығар. Ең бастысы анаңыздың талғамына ұнайтын таңдап алу.
  3. Мойынорағыш. Орамал. Жамылғы. Анаңыздың образын толықтыратын, әрі салқында жылытатын керемет сыйлық.
  4. Ыдыс аяқ. Анаңыздың сүйікті тағамдарыңызды әзірлеуде ынтасын оятқыңыз келсе, бұл дәл сізге керек сыйлық.
  5. Күтімге арналған косметика. ''Аналар ешқашан қартаймайды” десе де, аналарымыз одан әрі құлпыра түсулері үшін арнайы косметика сыйлауға болады.

Асыл әжелеріміздің жүздерінде күлкі орнату үшін не сыйлауға болады?Әжелерге сыйлық

  1. Ерекше саптыаяқ. Шай ішкенді сүйетін әжелерге сүйкімді саптыаяқ сыйлауға болады.
  2. Шай. Қазір, дүкендерде шайдың түрлері өте көп болғанымен, ішінен ең жақсысын тауып сыйлауға болады.
  3. Үй гүлі. Сіздің сыйлаған сұлу гүліңіз әжеңіздің бөлмесін сәндендіріп қана қоймай, оның ойына әрдайым сізді түсіріп тұрады.
  4. Жылы жамылғы. Аяулы әжеңіз кешкілерін тоңбау үшін осындай сый тартсаңыз болады.
  5. Диск. Сүйікті сериалдарын диске жазып әжеңізді қуанта аласыз.
 

Әпкелеріміз бен құрбыларымызға, таныс бойжеткендерге не сыйлауға болады?Қыздарға сый

  1. Ұялы телефонға арналған тыс. Ұялы телефонды сақтап тұратын тыс - пайдасы тиетін сыйлық.
  2. Әшекейлер. Жас қыздардың қай бірі болса да сүйкімді сақина, болмаса нәзік білезікті сыйға алғанына мәз болады.
  3. Кітап. Әпкеңіз немесе құрбыңыз ұнататын жазушының кітабын сыйға тарта аласыз.
  4. Жеңіл жейде. Көктемнің жылы күнінде киуге болатын сәнді жейде әркімді қуандыратын ерекше сыйлық.
  5. Әшекейлерге арналған құты. Бойжеткен қыздардың жақсы көретін, әрі әрқайсысында табылатын әшекейлерді сақтап тұратын құты сыйлауға болады.
 

Ұнайтын қызды қандай сыймен таңқалдыруға болады?Сүйікті қыздарға сый

  1. Мойынтұмар. Ішінде бірге түскен суреттеріңіз бар мойынтұмар басқа сыйлықтардан ерекше есте қалады.
  2. Жастықша. Аттарыңыз жазылған жастықшаларды тапсырыспен істетуге болады.
  3. Өлең. Қазір жігіттер қыздарға сирек өлең жолдарын арнаса да, мұндай шынайы сыйлықпен қызыңызды сөзсіз қуантасыз.
  4. Видео. Бірге түскен суреттерден коллаж дайындап, әуенді ән қосып видео жасауға болады.
  5. Тәттілер. Киндер сияқты түрлі тәттілерді кәрзеңкеге жинап, оны безендіріп сый етуге болады.


Менің кеңестерімді пайдалы тауып, ішінен біреуін таңдап, жақындарыңызға сыйлайтындарыңызға үміттенемін. Қосымша сұрақтарыңыз болса жауап беруге ризамын.