Ата-әжеңнің ерлігін насихатта
жеке
блог

Ата-әжеңнің ерлігін насихатта

Биыл Жеңіске 70 жыл толады. Осы айтулы күнге байланысты "Жеңіс күні" атты арнайы жоба бастадық. Жоба аясындағы материалдар сәйкес айдарда жиналады. 

Жыл өткен сайын ардагерлер азайып келе жатыр. Дұрыс насихат жүргізілмесе, ұрпақ ауысқан сайын олардың ерен еңбектері мен көрсеткен батырлықтары халық санасынан өшуі мүмкін. Осыны болдырмау үшін біз жыл сайын хал-қадірімізше аталарымыздың ерліктерін насихаттап, айтып-жазып келеміз.

Биыл біз оқырмандарымыздан соғысқа қатысты оқиғалар  жинауды бастадық. Егер ата-әжелеріңіз тылда еңбек еткен немесе соғысқа қатысқан болса, солар туралы мәліметтерді бізге жіберулеріңізге болады. Біз оларды міндетті түрде жариялаймыз.

Қазірге дейін 7 оқырманымыз хатын жіберіп үлгерді. Олардың арасында төменгі сыныпта оқитын мектеп оқушылары да бар. Сіздер де қалыс қалмаңыздар.

Мәліметтерді massaget.kz@gmail.com адресіне хат жазу арқылы немесе сайттың оң жағында орналасқан "Материал жіберу" батырмасын басу арқылы жіберуіңізге болады.

Ата-әжеңіздің ерлігі туралы бүкіл Қазақстанға айтқыңыз келсе, міндетті түрде хат жазыңыз. Бабаларымыздың еңбегін бірігіп насихаттайық.

Сурет: ©Мassaget.kz