8 -наурыздың сыры...

8- наурыз әйелдер күні мерекесі 1857 жылы Нью – Йорк қаласында болған  көтеріліспен байланысты екен. Бұл көтеріліске тігін шеберханалары мен аяқ киім фабрикаларында жұмыс істейтін әйелдер қатысқан болатын. Ол кезде қыз – келіншектер 16 сағат жұмыс істеп болмашы жалақы алатын. Ал 10 сағат қана жұмыс істеген ерлер олардан әлде қайда көп табыс табқан көрінеді. Көтерілістің басты себебі әйелдер мен ерлер құқықтарын тенестіріп, жалақылары мен жұмыс уақытын бір жүйеге келтіру болатын.1857жылы  8 наурызынан кейін әйелдердің кәсіподақ ұйымы құрылды. Ұйымның бірінші мүшелері болып әйелдер тағайындалды. 1910 жылы Копенгаген қаласында өткен Халықаралық социолист әйелдердің конференциясында клара Цеткин 8 наурыз күнін Халықаралық әйелдер күні мерекесі етіп жариялауды ұсынды, және де өз құқықтары мен теңдіктері үшін күресуді ғана емес кедейшілікке, еңбек ету құқығы мен  ар – намыстың тапталмауына және де бейбітшілік үшін күрестерін білдірді.Билікке Кеңес Одағы келісімен 8 Наурыз мерекесін мемлекеттік мереке ретінде қабылдады. 1965  жылдан бастап бұл күнтізбеде қызылмен белгіленді. Өзбекстанда «Аналар күні», Арменияда «Сұлулық пен аналар» күні ретінде  сәуір күні тойланды.

 

 



Бөлісу: