Үздіктердің үздігі бақ сынасуда

Үзіктерден үздіктер ғана озады. Ол баршаға мәлім заңдылық. Бүгін, міне, дәл осы заңдылықты жүзеге асыратын бірден – бір байқау, «Сұңқар» студенттер кәсіподағы бастамасымен ұйымдастырылып отырған «Үздік студенттік топ» байқауы өтті. Қатысушы факультеттер өздерін байқау шарты бойынша таныстырып, түрлі видеороликтермен өз факультеттерін де таныстырды. Неонды пайдаланып, ерекше қойылыммен де шыққандар болды. Факультеттер өздерінің қиялы ұшқыр студенттерден ғана құралған топ екендіктерін бүгін осылайша тағы бір мәрте дәлелдеді.

       «Сұңқар» кәсіподағы бұл бастаманы қолға алғанына біраз уақыт болды. Дәурен Абаев сынды тұлғаның бастамасымен кұрылған ұйымның жүгін арқалап, қиындықтарды еңсере отырып, қаншама студентпен жұмыстар атқарып отырған ұйым төрағасы мен факультеттер төрайымдары арқасында бұл байқау қызық әрі мәнді өтті. Айта кетерлігі, бұл байқау жеңімпаздарына, әсіресе, бірінші орын иегерлеріне Астанаға жолдама берілсе, екінші орынды еншілеген топ мүшелеріне Ыстықкөлге жолдама беріледі екеен. Мұның өзін ұйымдастырып отырған дәл осы кәсіподақ.

Бір ұйымның ішіне сыйып отырған осыншама ұйымдастырулар әр өткен сайын баршаның есінде қалып қояды. Бұл кәсіподақтың еңбегінің еш кетпегендігі. Дәл осындай қызық байқау ұйымдастырып, факультеттерді бір шаңырақ астына топтастырып жүрген «Сұңқар» студенттер кәсіподағына рахмет. «Сұңқардан» тек қана жақсы, үздік байқауларды ғана күтеміз!!!



Бөлісу: