Әлемдегі ең ерекше гүлдер

Әлемдегі ең ерекше гүлдер
жеке
блог

Табиғатта барлық нәрсенің өз орны бар. Өсімдіктер әлеміндеде біз білмеген құпиялар жеткілікті. Жылдың төрт мезгілінде әлемнің  түрлі түкпірінде сізге белгісіз көптеген гүлдер гүлдеп жатады. Солай екен сізде өзіңіз білмеген гүлдермен таныс болыңыз...

Орхидея

Әлемдегі ең әдемі және бағалы гүл. Бұл гүлдің әлем бойынша 25 000 түрі бар. Гүлдің ең көп тарқалқан ортасы Гавай аралдары. 

Раффлезия Арнольди

Раффлезия Арнольди паразит өсімдіктер түріне жатады. Ол гүлдеген уақытта диаметрі 1 метрге, салмағы болса 4-6 килограмға жетеді. Исі өте жағымсыз.

Дракея

Дракея негізінде орхидея гүлдері тобына жатады. Оның басқа орхидеялардан айырмашылығы ол 6 аптада гүлдейді. 

Сагуаро

Сагуаро әлемдегі ең үлкен кактус болып, Мексиканың Аризона штатында өседі. Бойы 15 метрден, салмағы 6-10 тоннадан асады. Бір кактустың бойынан 350  000  кактус бүр жарады, олардың бір нешеуіне құстар ұяда салады екен.

Вольфия

Вольфия субтропик өсімдіктер тобына жатады. Негізінен Африка, Азия және Америка құрлығында өседі. Бұл гүл аквариум балықтарының ең сүйікті азығы. Әлемде вольфияның 17 түрі бар. Өсімдік ұзындығы бар болғаны 0,3-2,0 мм.

Вельвичия

Вельвичия өсімдігі 1860 жылы Португалиялық ғалым Фридрих Вельвич тәрепінен Африка тропик шөлдерінен табылған. Оның жапырақтары жайылғанда диаметрі 1 метрге жетеді. Вельвичия шамамен 400-1500  жыл өмір сүреді.

Эдельвейс

Эдельвейс әйелдерге сыйлыққа ұсынылатын ерекше гүл. Ол жартастарда өсетіндіктен табылуы қиын болады.

Мимоза

Мимоза әлемдегі ең "ұялшақ" гүл есептеледі. Егер гүлге қолыңызды тигізетін болсаңыз сол сәтте жапырақтары жабылып қалады. Егер қауіптен құтылғанын сезсе сол сәтте қайта ашылады. 

Аморфофаллус

Аморфофаллус 1878 жылы флоренциялық ғалым тәрепінен Суматра аралдарынан табылған. Бұл өсімдік орташа қырық жыл өмір сүреді.

Нефрит Лоза

Бұл гүлдің түсі көзіңізді шаршатады. Гүлдің түсі жанып тұрғандай құлпырады. Гүл жарқанаттар жәрдемінде тозаңданады. Нефрит Лоза бүгінде азайып барады.

Тотықұс тұмсығы

Бұл гүлдер тотықұс тұмсығына ұқсайды. Негізінде Канар аралдарында өседі, бал араларының ең сүйікті гүлі.

Шоколадты космос

Бұл гүл осылай аталады. Шоколадты космос жүздеген жыл алдын адамзатқа белгілі болған. Мексикада өсетін бұл гүлден шоколадтың исі шығады. 

Әруақ орхидеясы

Ақ түсті ерекше бұл гүлде орхидеялар тобына жатады. Олар фотосинтез көмегінде өседі, өйткені денесінде жапырақтары жоқ. Сол үшінде ерекше есептеледі.