"Сұңқар" кубогы. Бұрын - соңды болмаған КВН ойындары

       Ертең, яғни ақпан айының жиырма бесі күні Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында «Сұңқар» студенттер кәсіподағының кубогы аясында КВН өтеді. КВН – ді жүргізу құрметі Дастан Жайнаққа бұйырды. Дастан бұдан бұрын да дәл осы кубок негізінде ойналған КВН – дерді ойдағыдай етіп жүргізгені баршамызға мәлім. Қазылар алқасының құрамында елге танымал шоумэндер отырса, КВН арасында баршамызға танымал эстрада әншілері ән шырқайды.

       Өткен КВН – де де өте қызық болған болатын. Қазылар алқасында Нұрсұлтан Құрман сынды жас журналисттер де болды. Бұл жолы қазылар алқасы жұмбақ күйінде қалмақ. Көрермендерге қызық әрі ұмытылмас күн боларын ашық айта аламын. Әншілерден де ешкімнің көңілі қалмасына кепілдік беруге де дайынмын. Себебі, бұл өткелі отырған КВН – ге барлығы дайындықты ерте бастап кетті. Сонымен қатар, күтпеген әзілдер, скетчтер ешбір КВН ойыншыларынан қайталанбайды. Яғни, бізден тек жаңа дүниені күтуге болады.

       Баршаңызға белгілі, өткен Жайдарманның жеңімпазы болып біздің сүйікті ҚазҰУ – дың Ұлттық Құрамасы таңдалған. Яғни, мұның өзі ертеңгі КВН – нен үлкен үміттер күттіреді. Бұл күн жәй күн емес, сіздер күткен жұлдызды күн болмақ!!! Айта кетерлігі, кіру баршамызға белгілі тек арнайы дайындалған билеттер арқылы жүзеге аспақ.

Ертең сағат 18.30 – да Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында, «Сұңқар» студенттер кәсіподағы ұйымдастыруымен өтетін КВН – де жолыққанша!!!



Бөлісу: