Интернеттегі ең танымал мамандықтар

Интернеттегі ең танымал мамандықтар
жеке
блог

Қазіргі таңда ғаламторды пайда көзіне айналдырғандар аз емес. Кейбір сайт беттерін ашып қалсаң «үйде отырып ақша табудың» бірнеше жолын ұсынған жарнамалар шыға келеді. Тіпті, интернет-мамандықтар да көбейіп келеді.

Ал, интернеттегі ең танымал мамандықтарды білесіз бе?

Сіздердің назарларыңызға интернеттегі ең танымал, жоғары төлемді фрилансер мамандықтарының бірнешеуін ұсынамын.

рерайтер

Рерайтер – бірегей мәтіннен өзгеше «бірегей мәтін» құрастырушы маман. Жалпы рерайтер маманы басылып шыққан мақала, жаңалық, заметканы өңдеп, қайта жазып шығады. Бұл мамандық болмашы мамандық емес. Рерайтерлер көптеген ақпараттарды өңдеп, түп негізінен өз мәтіндерін жазып шығады. Мамандардың жұмысын күрделі техникалық мәтіндерді арнайы аудиторияға жеңіл, түсінікті тілмен жеткізу қиындата түседі. Рерайтер мамандығы – кең көлемдегі ақпараттарды шапшаң өңдеп, қатесіз және қайталаусыз жазуды, қысқа да нұсқа, және мәтіннен тек маңызды фактілерді алып жазуды талап етеді.

Негізгі тұтынушылары: әртүрлі сайт басшылары, интернет-дүкендер, кішігірім ақпараттық сервистер,т.б.

флешер

Флешер – ширақ, үнемі жаңа технологияларды игеріп, ілгерілеу шыңын бағындырғысы келетін, жаңалыққа жаны құмар адам. Ол әрдайым жасампаз ойланып, компьютердің алдында отырып фантастикалық идеяларды жүзеге асырады. Флешер мамандығының негізгі мазмұны – Флеш (Flash) дизайн. Бұл анимациялық («қозғалмалы», тіпті «дыбысталған») бет басы, баннер, бас мәзір және интернет-сайттардың тақырыпшасы. Флешер маманы флеш және жай графиканы шебер меңгерген болуы тиіс: Adobe Flash, Swift 3D, Adobe Photoshop, Adobe Illustrator, CorelDraw және 3D модельдеу бағдарламасын жетік білгені абзал.

Негізгі тұтынушылары: веб-дизайн студиялары, сайт әзірлеушілер, жеке адамдар мен жеке меншік фирма иелері.

веб-бағдарламашы

Веб-бағдарламашы – заманауи сайт беттері веб-бағдарламашылар шығарған бағдарламалармен басқарылады. Қазіргі таңда бұл интернеттегі ең талап етілген әрі қызықты мамандықтардың бірі. Білікті бағдарламашы болсаңыз – жобасыз қалмайсыз.

Веб-бағдарламашының арнайы білімі болуы керек. Өздігіңізден игеруіңізге болады, бірақ бұл сәл қиындау. Веб-бағдарламашы бағдарлама жасайды немесе түрлендіреді, сайттар мен интернет-сервистерді басқарады. CSS және JavaScript, SQL, HTML гипермәтінінің, PHP, Perl бағдарламаларының тілін біліп, жетік меңгерген маман болуы; сонымен қатар, кең көлемді ақпаратпен жұмыс жасай білу, шыдамдылық қасиетіне ие болуы керек.

Негізгі тұтынушылары: веб-студиялар, интернет-кәсіпкерлер, компаниялар мен жеке адамдар.

Бұл мамандықтардан өзге:

  • Мәтінмен жұмыс, копирайтинг, журналистика;
  • Графика, дизайн, көрнекілікпен (сурет) жұмыс;
  • Бағдарламалау, компьютерлер мен желіге қызмет ету;
  • Аударма ісі, шетел тілдерін аудармалау;
  • Интернет-жарнама;
  • Әлеуметтік желідегі жұмыс;
  • Блогшылар, т.б.

 

Ресейде бұл мамандықтар жоғары сұранысқа ие екен. Және олардың алатын жалақы мөлшері шамамен мынадай:

  • Ø Рерайтер маманы – 1,5 – 6$ көлемінде (1000 таңба)
  • Ø Флешер – айына орта есеппен 1000 – 4000$
  • Ø Веб-бағдарламашы – айына 30000 – 50000 рубль
  • Ø Копирайтер маманы – жарнама агенттіктерінде 300 – 400$; тәжірибелі мамандар – 800 – 1000$; жалпы жылына 600 мың рубль кіріс әкеледі.  


Ал, Қазақстанда бұл мамандықтарға сұраныс бар ма? Жалақылары қанша?

 Бұл сауалға «Қазақстан» ұлттық телеарнасының веб-ресурстары бөлімінің бастығы Жапек Мейрамхан Сағынқызы былай деп жауап берді:

 - Иә, мұндай мамандықтар бар. Редакцияның қажеттілігіне байланысты сұранысқа ие. Ал, жалақы мәселесі әр жерде әртүрлі. Жүз мыңнан басталады.

Суреттер: blog.trud.com, kopilkasovetov.com, uralcons.org, pozitive.org