Топ атауы өзгертілді.

    Ұлықпан Жолдасовтың қолдауымен құрылған "Батыс" тобының атауы өзгерді. Бауыржан мен Бердібек "Қазақстан дауысы" жобасына қатысып, сол арқылы жұртшылыққа танылған болатын. Сондықтан топтың атауын "ДауысKZ" деп өзгерткенді жөн көрдік дейді топ продюсері.

    Естеріңізде болса Бердібек Құлғараев "Қазақстан дауысы" жобасының бірінші маусымының финалисті, ал Бауыржан Ретбаев осы жобаның екінші маусымының жеңімпазы атанды. Өнерлі жігіттердің екеуі де Маңғыстау облысының тумасы.



Бөлісу: