Ерекше емес қызығушылығым...
жеке
блог

Ерекше емес қызығушылығым...

     Сәлем Массагеттікер! Эстафета таяқшасын ұсынған Ғазизаға рахмет айтып бастайын. Эстафета алып, не жазарымды білмей ойландым.

Асып бара жатқан керемет, ерекше қызығушылық жоқ екен менде. Ойландым

Ерекше емес енді, жұртта бар қызығушылықтар менде де. Алғашқысы, кітап "ауруым" - басылмайтын қызығушылығым. Бір кітап оқуды бастасам соңына жеткенше сол кітаптан басқаны ойлай алмай, ішпей-жемей ұйықтай алмай қалатын ауру боламын. Ол кітапты қайталап оқып жатсам да сол күйде жүремін. оқимын

Тағы бір қызығатыным "кимеймін-ау" деген киімнен "не тіксем" екен деп ойлай бастаймын. Бірнеше рет Шынарға сарафан, белдемшелер осылай тігілді.

Сосынғысы - құрақ. Құрақ тігуге отырғанымда кейбір келтіре алмаған жерлерін түсімде көріп ертесіне таң атпай тұрып тігіп тастаған кездерім болған. ))). Құраққа қатты қызығамын. Әзірге қошқар мүйізді ойып та, құрап та жасай аламын. Сосын сегіз жапырақты. Мамамнан үйреніп алатыным көп әлі. Бастапқыда мына фотодағыдай қып бастағанмын. Өз тіккендерімді көрсетуге мүмкіндігім болмады. Тағы бірде көрсетермін. 

құрақ

Енді бір қызығушылығым - расында қажеттіліктен туындады. Ол дәрілік шөптер, дәрі-дәрмектер, егу жасау (укол).  Дәрілік заттардың ағзамызға бір жағынан пайдасы тисе, екінші жағынан зияны болатынын білген соң көбінесе шөптік дәрілерді қолдануға тырысамын. Дәрілік препараттарды ауыр жағдайлар болмаса қолданбауға тырысамын. Дәрі егуге келсем, ең алғаш мамама өзінің үйретуімен дәрі егіп бастадым мектепте жүргенде. Сосын оқуда жүргенде жатақханадағы қыздар, әпкем ауырғанда укол салып беретінмін. Алғаш тұрмыс құрғанда енем ауырып көбірек укол салдыратын еді, жолдасым да сол жылы ауруханаға жатпай дәрі қабылдауға мәжбүр болды. Көршінің медбике келініне қайта-қайта бара беріп мезі қылдық. Содан өзім салып бастадым. Алғашқыда салғызғылары келмей, сенбей отыратын. Құдай сақтасын, бәрін өз жүйесімен жасап отырғандығымнан болар, еш ауыртпашылық болған жоқ. Қолым жеңіл болар, енем де жолдасым да тез жазылып кетті. Қазір үйдегі бар жанға, қыздарыма да ауырған жағдайларында дәрігердің айтуымен емдей беретін болдым. Кейде "менен әжептеуір дәрігер де шығар екен-ау" деп қаламын. ))). Енді мамамнан тамырға дәрі егуді үйреніп жүрмін. 

укол

Соңғы кезде бухгалтерлік 1С бағдарламасы қызықтырып жүр. Қазір қолданып жүрген осы бағдарламамнан күнде өзім үшін бір жаңалық ашып мәзбін. Одан сайын 1С-ті меңгеруге деген ынтам күшейіп бара жатыр. 

1с

Бары осы. Эстафета таяғы жерде қалмасын. Кожакелди Алданов ағаға ұсындым. Қабыл алыңыз.