ТЕМЕКІ

ТЕМЕКІ                      

 

Бір қолыңа ұстап тұрып сіріңке.

Бір қолыңа шылым алып шегесін.

Түтіні мен темекіні сүйгенде.

Шылымың тұр, тапқандай боп егесін.

 

Сан мыңдаған никотинді жұтып ап.

Құмарлықпен талай жасқа ересін.

Таппай жүрсең бір теңгеде шылымға

Нанға деген соңғы ақшаңды бересін.

 

Шылым деген улаңдырар түтінмен.

" Шылым бер " деп талайларға өтінген.

Жастарды да, кәрілерді көрдік біз.

Шылымды да ермек етер түтінмен.

 

Бүгін жүрсең ойнап тартып шылымды.

Ертең тағы үйретерсін ұлыңды.

Шылым тартып, арақ ішіп мас болған.

Кешіре гөр, Жаратқаным құлынды.

 

Бүгін бала жастарменен шегіссе, 

Ертең олар әкесімен шегісер.

Шылым шеккен бүгінгінің жастары, 

Дейді олар өкпем ғана тек ісер.

 

Сіріңкемен шылымыңды тұтатып.

Жүрсің пенде жаман істі ұнатып.

Жатып алып темекіге теңгені

Анашыннан аласың ау жылатып.

 

Қайран анаң еден жуып мектепте.

Тауып берді ақша саған ептеп те.

Балапаным, балашым - деп анашын

Шекпе балам деп жыламсып өтпекпе.

 

Түнде жүріп көшелерде қаңғыйсын.

Өткен, кеткен балаларды аңдыйсын.

Кішілерге үлкендікті көрсетіп.

Бір қорапша темекіні ал дейсің.

 

Достарың бар темекіні құмартқан.

Кейбіреуі ұнатпаған, ұнатқан.

Шекпе балам, шекпе деген анашың 

Айтқан сөздер шығып кетер құлақтан.

 

Шылым үшін жұмысынды тастап сен.

Бес минуттық уақытынды арнайсын.

Аллах үшін тізе бүгіп намазға 

Бес минутта уақыт бөле алмайсың.

 

Күйген дүние күйіп кетсін деп кейде

Өз - өзіңді шылым шегіп алдайсың.

Басың қатып бұл өмірден түңілсең

Неге айтшы мешітке сен бармайсың.

 

Бұл темекі сарғайтады тісінді 

Еліктіріп уландырар ішінді.

Тастаймын деп тастай алмай өмірде

Көріп жүрміз талай талай кісінді.

 

Өкпе ісіп жөтеледі алқымдап.

Қалғанмын деп суық күнде салқындап.

Сырқатының темекіден екенін

Білсендағы қайта шылым тартынбақ.

 

Бар зияның біле тұра досыңа.

Темекіні тартып көр деп арбайсын.

Қапеліңде болсын деймін бауырым.

Темекімен жұмақ жаққа бармайсын.

 

О бауырым харам іске жоламай.

Жүрегіңе тазалықты салсаңшы.

Әрбір жүрген қадамында сауап бар

Жаяу жетіп мешітіне барсаңшы

 

Бүгінгінің басым көбі жастардың

Айтатыны бір темікі алсаңшы

Темекіден ләззат алған секілді.

Намаз оқып таза күйде қалсаңшы

 

Өз -өзіңе ауру тілеп алған соң.

Жаратқаным жанымды тез ал дейсің

Өлеріңнің алдыңда бір, молда боп.

Балам енді мешітіңе бар дейсің.

Баласынын қолың ұстап жыламсып

Менің жаным бір Аллама жар дейсің.

 

Қадірлеші бұл дүниенің уақытың.

Нәсіп етсін екі дүние бақытың.

Намаз оқыр уақыт шіркін таппасаң

О дүниеде табылмайды уақытың.

 

© Сержан Әлімбет



Бөлісу: