Үздік маман бол, талапкер!

Үздік маман бол, талапкер!
жеке
блог

Еліміздегі абыройы асқақ, білім беру сапасы жоғары, дүниежүзінің екінші ұстазы атымен аталатын жоғары оқу орны - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқылатын мәдениеттану мамандығы жайлы сөз қозғамақпын. Аталмыш университетте 14 факультет, 200-ге жуық мамандықтар бар. Мәдениеттану философия және саясаттану факультетінде оқытылатын мамандық. Айтпақ болған мамандығымыз жайлы сіздер теледидар мен радиодан, газет-журналдардын, жарнама беттерінен көріп жүрген ұғым. Мамандықты оқытудағы мақсаты - еліміздің білікті де білгір мәдениеттанушы мамандарын дайындый отырып, ұлттық құндылықтарымызды баршаға танытатын, сонымен қатар әлемдік аренада қазақ мәдениетінің мәртебесін көтеру.Мәдениеттану мамандығының 4 жылдық бакалаврын бітіргенннен кейін магистратура, доктарантураға оқуға түсуге мүмкіндік бар. Қорытындылай келе, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, философия және саясаттану факультетіндегі мәдениеттану мамандығы жас талапкерлерді өз құшағына ыстық ықыласпен қабылдауға дайын.