"Сұңқарлықтардан" қайырымдылық үшін

       Ақпан айының он үші күні журналистика факультетінің «Сұңқар» студенттік кәсіподағының мүшелері қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңкенің аты айтып тұрғандай жиналған қаражаттар түгелдей жетімдер үйінің игілігіне жұмсалмақ.

       Бір топ «Сұңқарлықтар» жиналып, қолдан келгенше түрлі тағам түрлерін әзірледі. Жәрмеңке сәтті өтті. Бір ерекшелігі жәрмеңке ұйымдастырушылары бастарына орамал тағып тазалық пен жинақылықтан кенде емес екендіктерін көрсетті.

Жәрмеңке барысында көпшілік назарын аударған факультетіміздің деканы және өз бағасынан артық төлеп алған факультет оқытушылары болды. Келушілер арасында, сонымен қатар, қайырымдылық дегенде қарап тұрмайтын университетіміздің «Ана тілі» аруы Еңлік Әбдіқадыр да болды.

 

Барлығы риза болып, жәрмеңкенің қайырымдылық үшін екендігін білген бойда барлық тағам түрлерін жаппай сатып ала бастады. «Сұңқарлықтардың» жүзінде қобалжу болды, дегенмен, ұйым мүшелерінің айтуы бойынша жәрмеңке қызық әрі сәтті өтті. Ойлаған есебінен көп ақша жинаған ұйым мүшелерінің қуанышында шек жоқ. Осы орайда айта кеткім келеді. Факультеттегі «Сұңқар» ұйымының төрағасы Шынар Мақсатқызы ауысып орнына төраға болып 1 курс студенті Жамал Жақсытай тағайындалған болатын.

Жамал ұйымның төрағасы ретінде алғашқы жоспарымның себебі қайырымдылық болғанын қалағандығын, және сол ойының іске асқандығына қуанышты екендігін айтып өтті. Биязылық танытқан жас төраға осындай сәтті пайдалана отырып дәл қазіргі ұйым мүшелеріне, командасына риза екендігін атап айтты. Бірауыздан, төраға сөзін аяқ асты етпеген «Сұңқар» студенттер кәсіподағының мүшелеріне біз де алғыс айтамыз.

Тазалық пен тағам сату ережелеріне бағына отырып ұйымдастырған керемет жәрмеңкелерінің сауабы Алладан қайтар дегім келеді. Рахмет, «Сұңқар»!!!

Журналистика факультетінің 1 курс студенті

Беласар Гүлжанат



Бөлісу: