Банан ART немесе банан бетіндегі өнер туындылары

Банан ART немесе банан бетіндегі өнер туындылары
жеке
блог

Банан біздің тек сүйсініп жейтін жемісіміз ғана емес екен, өз қиялыңызды банан қабығында бейнелеп, қызықты өнер туындыларында жаратуға болады. Голландиялық  суретші Стефан Брусче банандар арқылы өз қиялындағы көріністерді амалға асырды. Суретшінің қызығушылықпен бастаған бастамасы дүниеге банан өнерінің келуіне себеп болды.

 

Ия, адамзат баласы қандай сәтте болсада өнер туындысын жаратуға қауқарлы. Бұл бізідің банан art туралы пікіріміз. Төмендегі суретшінің туындыларымен сізде таныс болыңыз. Мүмкін сіздің пікіріңіз басқа болар, бәлкім, біздің пікірімізбен сай келер.

 

“Барлығы Instagramға қандай пост қойсам екен, деген ойдан басталды,”—дейді, суретшінің өзі. “Кенеттен  жанымда тұрған банандарға көзім түсті. Егер банан қабығында күлімдеп тұрған бет-бейнені бейнелесем, бұл ең әдемі пост болатын шығар, деген ойға келдім.”

 

“Қолыма шарикті ручканы алып, бананға сурет сала бастадым. Банан қабығы сурет салу үшін өте қолайлы екен, өзімде шабыттана бастадым.Кейін және сыздым. Солай, ол менің сүйікті жаттығуыма айналып кетті.”