Жабулы жүрегімнің құлпын аштың

Жабулы жүрегiмнiң құлпын аштың.

 

Таң арайы нұрға бөлеп санамды.

Мына ғұмыр бақытты еттi адамды.

Кезек санап өткiзедi өмiрге.

Толыққанды жақсы менен жаманды.

 

Бұл ғұмырда шеккен талай азапты.

Бұл күндегi махаббатым мазақты.

Шынайы махаббатты жырлаған.

Көрiп тұрсың ақын жанды қазақты.

 

Өткiншi өмiрдегi сезiмдер де.

Қалмаған, сiрә, менде төзiмдер де.

Бұрынғы өткен шақтың махаббаты.

Жылаған мына менiң көзiмдер де.

 

Есiңде ме екеумiздiң арамызда?

Бұл махаббат айналды ғой жарамызға.

Үндемей тiл катпастан бiр партада.

Отырамыз көк галстук жағамыз да.

 

Сол бiр сәт,сол бiр шақтың өткендерi.

Сезiмнiн қалғаныма екпiндерi.

Бiлмеппiн мына менiн журегiмдi

Асығып сарыла да күткен бе едi?

 

Таңдана да, тамсана да қарайтынмын.

Сенi жүзген аққуға да балайтынмын.

Сол балалық алғашқы махаббаттың.

Әр күнiн саусақпенен санайтынмын. 

 

Сезбесi анық, бiлем кейбiр жастың.

Өзгерiп арай төгiп шуақ шаштың.

Кiршiксiз сезiмдердiң кiлтiменен.

Жабулы жүрегiмнiң құлпын аштың.



Бөлісу: