Нұрсұлтан Құрман. Саясаттанушыдан журналистке дейін немесе Нұрсұлтанмен болған кездесу

Нұрсұлтан Құрман. Саясаттанушыдан журналистке дейін немесе Нұрсұлтанмен болған кездесу
жеке
блог

Нұрсұлтан Құрман. Саясаттанушыдан журналистке дейін немесе Нұрсұлтанмен болған кездесу

       Бүгін, яғни ақпан айының бесінші жұлдызында қасиетті қара шаңырағымыз ҚазҰУ – да белгілі тележүргізуші Нұрсұлтан Құрманмен кездесу өтті. Кездесуді ұйымдастырған біздің сүйікті «Сұңқар» студенттер кәсіподағы және төрағамыз Айдана Дәуренқызы. Нұрсұлтан бұл жолы жалғыз емес белгілі әнші, Тоқтар Серіков ағамыздың шәкірті Қанат Үмбетовпен бірге келді. Бұл бізді қуантпай қоймады. Кездесу барысында көптеген сұрақтар қойылды. Нұрсұлтан мырза өзінің сүйікті істері мен қызықты оқиғаларымен ашық бөлісіп отырды. Сыр бүгіп немесе сұрақтан жалтарған тұстары болмады.

      Әңгіме барысында өзі үлгі тұтатын белгілі журналистті атап өтті. Ол Нұрсұлтан мырзаның айтуы бойынша интервьюдің атасы – Ларри Кинг екен. Расында, талғамы жарасқан Нұрсұлтан үлгі тұтқан тұлға баршамызға таныс әрі бізге де үлгі.

құрманов

      Осы орайда ең алғашқы сыйлығы «копилка» болғанын да айтты. Шымкенттегі №65 мектепте жетінші сыныпты оқып жүрген кезінде «Жыл оқырманы» атағын иемденген. Сыйлыққа «копилка» берілген. Нұрсұлтан үшін бұл ең мақтан тұтар жетістігі. «Копилканы» басында кубок екен деп мектеп директоры Қатира Қырғызбайқызына кіргенде ғана сыйлығы қарапайым «копилка» екендігіне көзі жеткен екен.

      Осы жақында жас журналист Нұрсұлтан мырзаның Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен сұхбаттасқаны баршамызға мәлім. Жалпы, Елбасымен бұл жас журналисттің екінші кездесуі екен. Алғаш рет ҚазҰУ – дың 75 жылдығында Елбасына сұрақ қойған. Екіншісі Ақ Ордадағы сұхбат. Нұрсұлтан Әбішұлына есімін айтқанда Елбасымыз Нұрсұлтандар көп, бірақ Ақ Ордада бір ғана Нұрсұлтан бар еді деп күліпті. Құрманов мырзаның есімін бала күнінде Нұрсұлтан деп атағанда этнограф, қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков «Өй, басқа ат таппай қалдыңдар ма?» деген деп журналистіміз бір күліп алды. Бұл 1989 жыл екен.

құрманов мырза

       Басқалар сияқты емес Нұрсұлтан шетелге көп шықпайды екен. Алғаш рет шетелге шыққаным, - дейді Нұрсұлтан, - шетел деуге келе ме, білмеймін, ҚазҰУ – да оқып жүргенде Қырғызстанға, Ыстықкөлге барғанмын. «Сенсация» КВН командасымен Сочиге барғаным болмаса, шетелге көп бара бермеймін, - деді.

       Дәл осы кезде залда отырған студенттерге сөз кезегі беріліп сұрақ қойғысы келіп отырған студенттер саны артып жатты.

       Ұлдана (ЖурФак): «Алдымен біздің оқу ордамызға қош келдіңіздер дегім келеді. Нұрсұлтан аға, сіз саясаттанушысыз. Өзге саланы бітіріп журналист болып жүрсіз. Осы орайда көпшілік көкейінде кез келген тұлға журналист бола алады екен ғой деген ой туады.Расында, кез келген адам журналист бола бере ме?»

      Нұрсұлтан Құрман: «Кез келген адам журналист бола береді деген ұғым жоқ. Ол үшін де білім керек. Мәселен, мені 2 курста 31 арнаға жұмысқа шақырды. Мен сонда верстка, кодировка дегендерді қалай жасайтынын білмедім. Ішкі әліппені мен сонда үйрендім. Жалпы, журналистиканы теория жүзінде үйрену қажет. Бізде бір тенденция қалыптасқан. Әншілер журналисттердің нанын тартып алды деген де дұрыс емес. Журналисттер өз жұмысын жасап жатыр. Бәрі уақытша. Журналистика факультеті – телевидениедегі қаңқаны жасаушы!»

құрманов

       Ақбаян (ЖурФак): « Жұмыс бабында жүріп қателескен тұстарыңыз болды ма?»

       Нұрсұлтан Құрман: «Бұрын қазақша бағдарламалар аз болған. Барлық қазақтілді кинолар тек түнгі 12 – ден кейін беріліп тұратын. Ал қазақша «Кәсіпкер» бағдарламасы тіпті таңғы 5 – те ғана берілетін. Таңертең кім кәсіпкерлік бағдарламаны көріп отырады? Сөйтіп, ренжулі біз пресс – клубқа барып Серікқазы Мантаевқа кететінімізді мәлімдедік. Бұл министрлікке дейін жетті. Осыдан кейін ешқандай арна мені жұмысқа алғысы келмеді. Түсінгенім, ашумен ешнәрсе шешілмейді. Не болса да дипломатиялық түрде шешу керек екен.»

       Әлихан (ЮрФак): «Қазір көп тележүргізушілер билікке кетіп қалып жатыр. Сіздің бұл туралы ойыңыз қандай?»

       Нұрсұлтан Құрман: «Менің де таныстарым билікке кетіп жатыр. Мәселен, Бекзат Жүсіп деген Қызылорда облысының әкімі жанында жүрсе, Саят Жүкенұлы Жамбыл облысы әкімінің жанында жүр. Менің жасым небәрі 25 – те. Мен 30 – ға дейін пісіп – жетілгенше билікке араласар ойым жоқ. Кейін араласармын, алайда ұзаққа емес.»

жеті күн

       Арайлым (БиоФак): «Саясаттануды бітіре отырып журналист атанып отырсыз. Бұған не себеп болды?»

       Нұрсұлтан Құрман: «Менің нағашыларымның барлығы журналисттер. Бұл маған нағашылар жағынан берілген деп ойлаймын. Балалық шағымның біраз бөлігі нағашыларымның жанында өтті. Сонда жабылып газеттер оқитынбыз. Журналистикаға түсемін деген оймен жүргенде Алматыға Саясаттануға түскен Оразбаев деген досым ойымды бұзып жіберіп саясаттануға түстім.Бірақ, қазір еш өкінбеймін. Осының арқасында мен «Жеті күн» сынды бағдарламаның тележүргізушісі болып отырмын.»

       Дәл осындай сұхбат арасында студенттердің сұрауымен өлең  айтуын өтінді. Нұрсұлтан мырза караокеде ғана ән айтатынын айтып өтті. Сәл үнсіз отырып, ұялып, Үмбетов мырзаға да бірдеңе десей дегендей қарап қойды. Алайда, өтінішті аяқ асты етпей Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» әнін жанды дауыста салып берді. Бұл өте керемет болды. Соңында «Ұят болды – ау...» деп бір күліп алды.)))

       Осы сәтте Қазақстан дауысы жобасының қатысушысы, ҚазҰУ – дың баласы Ерман Бердалы «КазГУ град» әнін гитарамен сүйемелдей отырып шырқап берді. Осы кезде бәріміз 2013 жылдың Қазақ аруы Гүлназ Жоланованы да байқап қалдық. Тамаша әннен соң қонақтармен логикалық сұрақтардан құралған ойындар ойнатылды. Бәріміз күлкіге қарқ болдық. Сосын Қайрат Үмбетов «Мазаламайын» атты жастар арасында танымал әнін бәрімізге тарту етті.

        Жамал (ЖурФак): « Журналисттердің  сөз бостандығы дегенде Қазақстан 3 орынды еншілеп тұр екен. Осы орайда не айтасыз?»

        Нұрсұлтан Құрман: «Орынды сұрақ екен. Бірақ бізде сөз бостандығы бар. Мысалы, мен Фейсбук желісінде өз ойымды ашық айтып отырамын. Ешкім оған шектеу жасамайды. Тек орынды сөйлеп, баса салмай ойыңды дұрыс жеткізе білсең болғаны. Бізде қатты айтады да кейін соттасып жататындар да бар.»

құрман

       Айдана («Алтын сапа» дебаттық ұйымы): «Сіз үлкен мотиваторсыз. Сіз бізге де үлгі болып отырсыз. Жалпы, біздің мемлекетте қазіргі кезде оппозициялық партиялар құлап кетіп жатады. ЕвроЭС жайлы көзқарасыңыз қалай?»

       Нұрсұлтан Құрман: «Онда Ресей, Қырғызстан, Белоруссия бар. Бұл тек экономикалық одақ әрі ішкі экономикаға кері әсер етпейді. Саяси жағынан да одақ емес. Тіпті, Кеңес одағының бір көрінісі де емес. Бұдан ешкім зардап шегіп жатқан жоқ. Бір ғана минусы, АҚШ – тан келетін инвестициялар азаяды да көп кәсіпкерлеріміз қиналып қалады. Ал былай аграрлық салада қиындық жоқ.

       Ұлдана (ЖурФак): «Менің алғашқы сұрағым, бүгінгі біздің телеарналарымыздың ахуалы қандай және жақында бір қыз Баян Есентаевамен болған кездесуге барып Баян Мақсатқызының қазіргі журналисттерді мойындамайтынын айтқанын өз мақаласында атап көрсетті. Алайда, Баян ханым өз сөзін мойындамай отыр. Бұл жайында не айтасыз?»

       Нұрсұлтан Құрман мырза бірден Баян Мақсатқызы хақында қойылған сұраққа көшіп кетті: Мен Баянмен кездестім. Ол артық ештеңе айтпағанын, әрі бізді, Ләйла Сұлтанқызы және Динара Сәтжанды айтпағандығын атап өтті. ХитТВ сынды әдемі киініп қана тұрып не айтып жатқанын өзі түсінбейтін жас буынды ғана тілге тиек еткенін де айтты. Бұл жағынан Баяндікі дұрыс.»

түлек

       Ұлдана (ЖурФак): «Мен диктофоннан естідім. Әрі онда Баян ханым Динара Сәтжанды мақтаймын, Нұрсұлтан Құрманды құрметтеймін деген жоқ. Жалпы айтып өтті ғой.»

      Нұрсұлтан Құрман: «Ол Баянның пікірі. Мен оған жауап бере алмаймын. Барлығы тура сіз айтқандай болса Баяндікі қателік болғаны. Толеранттық деген болу керек. Ал продюссер ретінде біз Баян Мақсатқызын мойындаймыз.»

       Әсел (ЭкономФак): «Сіз өз кезіңізде «Сұңқар» студенттер кәсіподағының орынбасары болдыңыз. Бұрынғы «Сұңқар» мен қазіргі «Сұңқар» қандай?»

       Нұрсұлтан Құрман: «Біздің кезімізде баннер жасау қиын болған.»Сұңқардың» бір артықшылығы – бюджет бар. «Сұңқар» - локомотив. Мен «Сұңқарды» жақсы көремін. Жалпы барлық ұйымды жақсы көремін. Бұл бөлінушілік те емес. «Сұңқарда» бәрі болды және сонысымен, романтикасымен есте қалды. Романтика дегенде гитарамен ән салу дегендей ғой))))!»

сұхбат

       Осындай әдемі сұхбаттың соңында қорытындыны Нұрсұлтан мырза өзі айтты.

       «Мен мұнда ҚазҰУ – дың түлегі ретінде келіп отырмын. «Жеті күн» бағдарламасы Елбасымыз көретін бірден – бір бағдарлама екен. 25 жаста осындай бағдарламаны жүргізу мен үшін мәртебе. Бүгінгі кездесу еркін форматта өте жақсы деңгейде өтті. Енді ертең шабытпен жұмыс істейтін болдым.»

түлек

       Соңында сыйлықтар тарту етіліп, төрайымымыз Айдана Дәуренқызына сөз кезегі берілді. Жалпы, кездесу тамаша өтті. Жалғыз өзім керемет әсерде жүрмей баршаңызбен бөлісуді жөн көрдім. Менің көзімде жүрген Құрманов мырза керемет адам болып шықты. Ал сіз үшін ол қандай тұлға? ...