БӘРІБІР
жеке
блог

БӘРІБІР

БӘРІБІР

 

Мен сені ұнатамын.

Білмеймін, неліктен.

Жүректі жырыңменен

Өзің ғой еліткен.

 

Көрмеймін ештеңені.

Бақыттың алда барын.

Құлағым естімеді.

Сүйгенім алдағаның.

 

Құлыптап алғандайсың.

Сезімнің кілтіменен.

Жіберші еркіндікке.

Ұшайын өтінемін.

 

Кетсіңші сезім мүлде.

Ғарыштап көкте ғайып.

Өзім ғой ғашық болған.

Жүрекке , етпе айып.

 

Көзімнің қарашығы.

Қарасын жанарыңа.

Бақыттаң үміттімін

Жолығып қаларыма.

 

Жол қарап айсыз түнде.

Түн мүлде қараңғы.

Сен мені жайсыз күйде.

Беріп көр бағамды.

 

Сүйгенді сағынғанды.

Айтсаңшы қәне қалқам.

Сенсіз мұң жамылғанды.

Кімге мен айта алам.

 

Сырласым жоқ мүлде.

Жұлдыздай сөндім бе

Сезімім жоқ деуге

Ыңғайлап көндім де

 

Сағынып сарғайдым, 

Мөл -мөлдір көзіңді.

Сүйемін тәттім -ау, 

БӘРІБІР - өзіңді.

 

© Сержан Әлімбет