Жаратушы

Мен ойымның ұшқырлығына сәуленің жылдамдығы да жетпейді. Қиялдағанда жұдырықтай миыма жер шарын,күн жүйесін, құс жолы галактикасын,біз білетін көрші галлактикаларды (Пегас,Үлкен Мегаллан бұлты, Кіші мегаллан бұлты...) және де біз білмейтін шексіз де шетсіз бүкіл әлемді сидырып аламын.Ғылыммен шұғылдануға талпынысымда шек жоқ! Бірақ нені зерттесем екен!? Барлығы маған дейін ашылып қойылған, жаңадан ештеңе ашу мүмкін емес. Қазіргі ғалымдар бұрынғы ашылған дүниелерді толықтырулармен және жетілдірулермен айналысады.

Сонымен мен бұрынғы математикалық жолмен ғана дәлелденген(дұрысын айтқанда ешқандай да дәлелсіз) теорияларды іс жүзінде дәлелелдеп, дұрыстығына немесе бұрыстығына көз жеткізуге кірістім. Теориялардың ең атақтысы Эйнштейн айтып кеткен, Майкльсон дәлелдеген жарық сәулесінің жылдамдығының бір қалыптылығы және сәуледен жылдам ештеңенің жоқтығы постулаттарына негізделген Салыстырмалылық теориясы үлкен андрондық коллайдерден жарық сәлесінен де жылдам нейтрино ашылғаннан кейін өзінің дұрыстығына үлкен күмән тудыра бастады.

(жалғасы бар) 



Бөлісу: