жеке
блог

Торсылдақ - қандай ауру?

Торсылдақ (ветряная оспа) - жұқпалы аурулар қатарына жатады. Торсылдақ ауа арқылы жұғады. Яғни, ауырыр жүрген кісімен бір бөлмеде отығанда, сөйлескенде және т.б жағдайларда. Негізінен, ветрянка герпес вирусының үшінші типіне жатқызылады. Аурудың бұл түрін көбіне "сәбилер ауруы" деп те атайды. Олай аталуының басты себебі - басым жағдайларда бала кезде ауырады. Десе де, тек балалар ауырады деген сөз емес. Бұл ауру қай кезеңдерде қалай өтетіндігін және жалпы сипаттамасын алда талқыға салатын боламыз.

 Айталық, сізге вирус жұқты делік, енді сізге ол қалай келуі мүмкін? Бұл вирус кез келген жерде жұғады. Мәселен, автобус, мектеп, балабақша және т.с.с орындардан. Бастапқы жұққан кезінде сіз оны сезбейсіз. Себебі, торсылдақ 12-14 күн аралығында ағзаңызда дамиды да, аталған уақыттан соң алғашқы белгілері біліне бастайды. 

Белгілері: 

- Бас пен дене қызуының жоғарылауы;

- Тәбеттің азаюы немесе тіпті жоғалуы;

- Үнемі әлсіздікті сезіну;

- Көп ұйықтай беру;

- Қан қысымының төмендеуі;

Енді сіздерде осы белгілер пайда болған болса, және бірер апта бұрын осы вирусты жұқтырған адаммен сөйлескен болсаңыз, демек сізге де жұқты деген сөз. Тек шошымаңыз! Қорықпаңыз!

Не істеу керек?

Бір-екі күндік әлсіздіктен соң бетіңіз не денеңіздің басқа да бөліктеріне жаралар шыға бастайды. Оны сіз безеумен шатастырып алуыңыз да мүмкін. Бірақ, ол барлық денені қаптайды. Одан да қорықпаңыз.

Сәби торсылдақпен ауырса:

Әдетте, бала кезде шығып кеткен жөн екен. Себебі, бала кезде ауру өте жеңіл өтеді де, сізде өмірлік иммунитет пайда болады. Екінші рет ветрянка болу - иммунитеттің өте әлсіз болған жағдайында, бұл өте сирек кездеседі. Бала кезде өте қатты ауырмайды және тез жазылады. Аурудың асқынып кетуінің мүмкін көрсеткіші өте төмен. Жара шыққан жерге марганцовка немесе зеленка ерітінділерін жағамыз. Суға түсіруге болмайды. Өйткен жағдайда торсылдақ қаптап кетеді. Суыққа шығуға тағы болмайды. Вирус ауада тез таралытыны мәлім. Өте көп мөлшерде сұйықтық берген жөн. Мейлі шырын, су, сорпа болса да. Балаға өз алдына ыдыс-аяқ, сүлгі секілді заттар беру. Бөлмені күніне бірнеше рет жуып отыру және бөлменің ауасын тазарту. Терезені біраз уақытқа ашып, желдетіп алыңыз. Айтқандай, ешқандай қорқыныш болмасын. Бұл барлық адамда болады. Және оның аса ауырлығы да жоқ. Тек қышып, мазаңызды кетіретіні болмаса. Сіз білесіз бе, тіпті шет елдерде ата-аналар карантинге жабуға қарсы екен. Балаларының бала кезде ауырып кеткенін жөн көрген олар, арнайы жұқтырып, ауыртып алады деседі. Содан-ақ бұл аурудан шошымай керектігін ескеріңіз.

Үлкендер ауырған жағдайда:

Барлық ем-домдар барлық жасқа да бірдей. Тек үлкендерде бұл ауру сәл күрделірек формада өтеді. Ауырған күн ұзаққа созылып, басқа ауруларды туындатуы да ғажап емес. Бірақ, барынша ертерек ауырғаныңызға қуаныңыз. Сәл кеш болса, бәлкім бұдан да ауыр болар ма еді? Үлкендерге зеленкадан бөлек, ацикловир таблеткаларын береді. 200/400 мг болатын бұл таблеткаларды дәрігер күніне 3-5 рет ішуге береді. Өте жақсы көмектеседі. 


Есіңізде болсын:

Зеленканың зияны жоқ. Ал, пайдасы - жарадан соң із қалдырмауға көмектеседі. Бірақ, ол торсылдақтың емі емес. Күнде жараларға жаға отырып, сіз жаңа жаралар шыққан-шықпағанын анықтап отырасыз. Осылайша, егер жаңа жара шықпаса, демек сіз енді ешкімге "қауіпті" емессіз. Далаға шығуға асықпағаныңыз дұрысырақ, десе де. Әлі толық жазыла қоймадыңыз. Жараларыңыз әлі кете қоймайды. Зеленка - индикатор есебінде қызмет атқарады. Бірақ, шыдамсыз, жанаяр адам болсаңыз, жағып қойыңыз. Қасып, тырнап тастаған жағдайда орнына із қалмайды. 


Торсылдақ кімдерге қауіпті?


Жоғарыда атап өткендей, бала кезде ауырып кеткен абзал. Торсылдақ бала көтеріп жүрген әйел адамға қауіпті. Яғни, 6 айға дейінгі шарана үшін өте қауіпті. Сол кезде сіз жұқтырып алған болсаңыз, өзіңіз ауырмай, барлық ауырлық балаңызға беріледі деседі. Ал, 6 айдан соң балада анти-дене пайда болып, қарсы тұратын жағдайға жетеді екен. Сол себепті, қыздар абай болыңыздар!


P.S Осы кезде өзім де осы аталған ауруды жұқтырып отырмын. Осыншама мәліметтерді іш пысқанда ақтарып, көмегім тисе дегенім ғой. Және ветрянка болып қалыпты дегендерге қотыр жұқтырардай қарамауларыңызды өтінемін. Онда тұрған ештеңе жоқ. Тек Алла өзі жар болсын. Ауырмаңыздар!

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Ана мен бала жағдайы
Ана мен бала жағдайы
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Екі жүрек бірге қағуда
Екі жүрек бірге қағуда