"Қазақстан дауысы": The Voice фанатының көзімен
жеке
блог

"Қазақстан дауысы": The Voice фанатының көзімен

Компьютерден мені жұлып алып, теледидарға телміртіп қоятын екі жоба болса, соны бірі - осы The Voice. Алдымен ресейлік "Голосты", артынша арысы АҚШ, берісі "Голос країниға" дейін түгендеп жүріп біразын көрген болатынмын.

Көзі тірілердің есінде шығар, қайбір жылы "Ресей дауысының" екінші маусымына қатысқан әншілеріммен де бөліскенмін.

Бірақ, былтыр "Қазақстан дауысын" қадағалай алмадым. Үзіп-жұлып көргенім, жеңімпазды білгенім болмаса, былайынан хабарым жоқ. Биыл жоба туралы гуілдеп айтатын ел қатары көбейген соң, сапасы да жақсарған соң (ИМХО ғо), қарап бастаған едім. Бастағаным сол, 15 ақпан күні қайсысы жеңер екен деген "тыз етпе" эмоцияны ертіп алдым. Өткен жексенбіде өзге жұрт малын қамап, сиырын сауып, үйге бет алғанда, мен өзге бір топ блогшының қатарында "Қазақстан дауысы" түсірілетін павильонда жүрген болатынмын.Кешкі тоғызда тікелей эфир екен, біздің басқа оған дейінгі дайындықты көруді бұйырыпты.

Улап-шулап әншілер отырған бөлмеде сұхбат алу (оны келесі аптада жарилаймын:)), шұбырып жүріп ана бөлме, мына бөлмені суретке түсіру, жаяу әскер құсап сартылдап келіп сахнаға көз тігу - қысқасы, өзіңіз де блогшысыз ғой, білесіз не істегенімді, оны тізбектемей-ақ қойсам. Одан да жоба туралы түсініктің менің миымда толық өзгеріске ұшырағаны жайында айтайыншы. Яғни, осы уақытқа дейін жергілікті "Дауысқа" жүрдім-бардым қарап жүргенім әдірем қалып, әншілердің аты-жөндерін ерінді қыбырлатып жаттап, кәдімгідей "құладым". Ал қайсы енді оларың десеңіз, мінеки:

Индира Еділбаева All By Myself

Нұрман Арыстанов Аяулым Мақсат Мақұлбеков Айттым Сәлем, Қаламқас Иса Әлимұсаев Мен Сені Қаладым Ернұр Қабылдаев Бұлбұл Құсым Ербол Нариманұлы Can't Help Falling In Love Ерман Бердалы Тырналар Өзім Индира Еділбаева мен Ербол Нариманұлына жанкүйер болып жүргенмін, өкінішіме орай (қарай?) Ербол ұшып кетті. Енді әр жексенбі сайын кешкі тоғызда Индираны қолдап отыратын болдым.

Ал сіз "Қазақстан дауысында" кімге дауыс беріп жүрсіз?