Мектебім - болашағымның темірқазығы

Мектебім - болашағымның темірқазығы
жеке
блог

                               Болашағымның бастауы

Мақсаты айқын, болашағы жарқын мектебім,

Еңсесі биік, семсері қатқыл ертеңім.

Келер күн асқақ, жұртымыз болып бет түзеп

Теңелер болып аяқ басар кез бүгін.

Ей, менің асқақ мектебім – мақтанышым,

Бір мен емес, бәріміз үшін асқақ үнсің.

Ілім мен білім қол бұлғап бізге бөктерден

Мың алғыс саған, зор білім мен ақ таң үшін!

Есілдейін толқындайды саған ыстық сезімім,

Бір сен үшін арналар жыр, сенсің менің егізім.

Іңкәр сезім жетелейді бізді шаттық, биікке,

Разылықпен бақ таптық біз, сенің арқаң мекенім.

Жылы нұрмен шуақ шашып, бізді алысқа жетелер,

Ыстық лебіз білдіреміз жаңбырдайын себелер,

Лайым өрле, тек биікке самға менің көктемім...

Құттықтаймыз 1 жылыңмен Зияткерлік мектебім!