Асқақ арманымның бастауы

Асқақ арманымның бастауы
жеке
блог

Мұхтар Шахановтың  өр өлеңдері

«Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,

Үлкен болып қалу үшін ғаламда,

Үлкен  арман керек екен адамға..»

Менің ұлы  арманым – болашақта, бірі күлер, бірі түсінбес, бірақ мен әдебиет пәнін  таңдап, қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, ұлы  журналистика саласына бет түзеп, ұлы режиссер болу. Мені осы ұлы арманға жетелеген – Мұхтар Шахановтың  өр өлеңдері; нағыз қазақтың ұлттық тәрбиесін  ең бірінші орынға қойған – шыншыл өлеңдері. Сол   өлеңдерді оқу, жатқа айту барысында  мен өзіме мынандай  ой түйдім: қазіргі кезде Қазақстанда  қазақ тілі мәселесі қоғамдық мәселеге айналып барады. Сол мәселені жою үшін Мұхтар Шаханов атамыз өзінің өр өлеңдерімен шырылдап жатқанда, мен неге, елім деп, жерім деп, кеудемнен жаным шыққанша жырламасқа?

Ақынның әрбір өлеңі  тұнып жатқан қазына десем артық айтпаған болар едім. Мысалы айтар болсам «12-3=?» өлеңінде  табиғаттың таңғажайып ерлігі - көктем  жайлы керемет жырлаған. Сонымен қатар  сол өлеңде жастық шақ – адамзаттың көктемі деген ойға көбірек тоқталған.Сондай-ақ «Арман» өлеңінде екі  жас  жігіттің алға қойған мақсаты, арманы жөнінде  жазылған. Бір жас жігіт «арманым – саудагер болу, бай болу» десе, ал екінші жас жігіт «арманым – бала оқытып, білім арқылы асқар асуды бағындыру» .Бұл өлеңде ақынның айтпақ болған ойы, «Егер, міне,  өздеріңіз байқағандай, байлық қуған жігіт-  дүниеқоңызға айналып, түптің түбінде өміріне налиды»  ал білім қуған бала арманына жетіп, қанатын кеңге   жаяды.Яғни, дүниеқоңыздық -  өміріңді күл  етеді, қанағаттылық, білімділік -  өміріңді гүл етеді.

Ал енді оның достыққа, махаббатқа деген сыйластығын айқын көрсететін  өлеңдеріне  тоқталсам: «Айналайын ұлы достық, айналайын атыңнан,

 Құлатпашы мені мәңгі осы биік сатыңнан»

Осы өлеңде байқағанымыз ақын  өнерде де, өмірде де достықты, махаббатты ең алдыңғы қатарға қойған. «Ғашық болу келсе кімнің қолынан, Әлем соған сенеді» дейді кітабының  ең алғашқы бетіне. Иә, ғашық болу -бір өнер.  

Тоқсан  ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіндер болсам, қазақ болып дүниеге келген әрбір адам  қазақ   ақындарының ең болмағанда бір өлеңін жатқа білуі керек.