Марғұлан Ақанұлы

Марғұлан Ақанұлы
жеке
блог

       Бұрынғы аты аңызға айналған ақындарымыздың өлеңдерін көз алмай әдебиеттен болсын, кітапханадан болсын алып оқып ерекше ақынның қиял әлеміне сапар шегіп кететін едік. Расында Абай әлемі қайталанбас әлем болса, Мұқағали әлемі сырға толы, сезімге мол әлем. Мағжанның әлемі тіпті де еріксіз өзіне тарта беретін белгісіз бір құдіретке ие еді. Мен өлеңге құштар жандардың бірімін. Көп адам қиял деп жатады, мен ренжімеймін. Қиял болар болсам дәл осындай өлеңсүйер қауымнан екендігіме ризамын. Көп ақынды оқыдым дей алмаймын, дегенмен, киелі ҚазҰУ ордасына келгелі көптеген тұлғалардың шығармашылығымен таныс болдым. Оның ішінде ректорымыз Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов енгізген жүз кітап бағдарламасынан бөлек университет қабырғасында өнерімен көрініп жүрген жас ақындармен, олардың шығармашылығымен де таныс болып жатырмын. Атап айтқанда Айтбек, Жақсылық Қазымұратұлы, Жадыра Бағашар, Әлішер Қабдолданов, Ақан Марғұлан.

кітап

       Жақында Ақан Марғұланның жеке жинағы да шығыпты. Асығып күтіп жүргенім. Барлығымызға жақсы таныс ВКонтакте желісі арқылы таныс өлеңдері жеке кітап болып шыққанын естігенде қуанып та қалдық. Енді сол кітаптың қолыма тигенін күтіп жүрмін. Ол кітап «Көктоғайдан көшкен бұлт». Қаламы қарымды жас ақынның өлеңдері де өзіне ғана тән әлеммен ерекшеленеді. Сондай әлемі үшін, таза ойға толы өлеңдері үшін Ақан Марғұланға деген ризашылығымыз шексіз.

кітапп

Мүмкін, мен жас ақынымызды университет қабырғасында көріп те жүрмін. Журфак Филфакпен бір жерде орналасқан ғой. Алайда, өлеңдерін сүйсініп оқып авторының суретіне де қарамаппын. Бұл да бір өлеңнің құдіреті шығар. Ақан Марғұланға тек шығармашылық табыс қана тілеймін.

акан

Өлеңсүйер қауымға да айтарым 27 қаңтар күні ҚазҰУ – да филфакта кездескенше!!!)))