Халқын тек миллионерлер құрайтын ең кедей мемлекет
блог
Зимбабве – Африка құрлығының бүгіндегі ең кедей мемлекеті. Сондай ақ әлемнің кедей елдері рейтингіндеде көшбастап тұр, мұның себебі ұлттық вальютасының құнсыздығында. Негізінен дағдарыс бұл елде 2000 жылы бастау алып бүгінде қарқынды түрде белең алып барады. 2008 жылға келіп Зимбабве елінде жұмыссыздар саны 80 пайызға жетсе, елдің әр үшінші тұрғыны дағдарыс нәтижесінде мемлекеттен шығып кеткен. Африка елінің ең басты проблемасы тек қана дағдарыс емес, елдің әр төртінші азаматы СПИД дертіне шалдыққан. Ал, мемлекет болса бұл дерт алдында қауқарсыз.
Мемлекеттің ұлттық вальютасы – Зимбабве доллары. Бонистиктер арасында әлемдегі ең ірі ақша есебінде танымал. 2006 жылы 1 АҚШ доллары 1000 Зимбабве доллары болса, бүгінге келіп бұл көрсеткіш миллиард Зимбабве долларына жетті.
Енді назарыңызды төмендегі фотосуреттерге аударыңыз:
Көшеде қол жайып отырған африкалық балақай қас қағым сәтте 200 000 Зимбабве долларының егесіне айналды. Бірақ бұл елде бұл ұсақ ақша қатарында ғана...
Бұл Зимбабвенің 500 000 долларлық жаңа банкноты...
Зимбабведе 750 000 долларлық купюрада бар...
Елдің 10 000 000 долларлық ақшасы айналымда, дегенге ешкім сенбес. Бірақ әр бір тұрғыны миллионерге айналған елде бұл ақшада бар...
Қанша қолайсыздық тудырсада африкалықтар ақшасын осылай көтеріп жүреді, құны болса қауқарсыз...
Бұл елде миллардер атануда қиын емес, 2000 АҚШ долларыңыз болса сіз 65 миллиард доллардың қожайынысыз...
Дағдарыс күшіне мінгенде 50 000 000 долларлық қағаз ақшалар пайда болды...
250 000 000 Зимбабве доллары...
25 және 50 миллиард долларлық ақшалар бір күнде қосарлана айналымға шығарылған...
Ақшаның шарықтау шегі. 100 миллиард Зимбабве доллары, бірақ, бұл соммаға Зимбабведе үш дана жұмыртқа ала аласыз...
Зимбабведе әжетхана қағазын сатып алғаннан, сол ақшаны әжетханаға пайдалану әлдеқайда тиімді екен.