«Пайғамбар өнегесі – адамзаттың асыл мұрасы»

«Пайғамбар өнегесі – адамзаттың асыл мұрасы»
жеке
блог

ҚМДБ Астана қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ресми сайты «sunna.kz» ағартушылық – танымдық порталы, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) дүниеге келген қасиетті Мәуліт айының құрметіне, «Пайғамбар өнегесі – адамзаттың асыл мұрасы» тақырыбында мақалалар байқауын жариялайды.Байқаудың ақпараттық демеушісі Вконтакте әлеуметтік желісіндегі Кітаптар EPUB тобы.

 

Байқау шарттары: Байқауға кез-келген жастағы үміткер қатыса алады.

Байқауға қатысатын мақалада, кемінде 1 аят, 2 хадис болуы керек.

Мақалалар байқау жарияланған күннен бастап үстіміздегі жылдың 25 қаңтарына дейін қабылданады.

Мақала көлемі – 3 – 4 беттен аспауы керек. Times New Roman, 14 қаріпімен жазылуы керек.

Мақала астында үміткердің толық аты – жөні және ұялы телефонының нөмері жазылуы керек.

Байқауға ұсынылған материалдар алдағы уақытта ҚМДБ-ның кез-келген БАҚ ресурстары арқылы жарияланып, қажет жағдайда редакцияланып, өңделеді.

 

Байқауға қатысатын мақалаларыңызды sunnakz@bk.ru электронды поштамызға жолдай аласыздар.Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін үстіміздегі жылдың 25 – 30 қаңтары аралығында, сайтымыздың ұжымы анықтайды. Қоржынымызға түскен мақалалардың ең үздіктері сайтымызда жарияланатын болады.