Ли Мен Бактың сәттілік сыры

Сәлем, достар! Сабақ, жұмыс деп жүріп осы үйге кіре алмай жүрмін. Енді келіп тұрамын)))

Достар, сіздермен 30-ға толмай алпауыт компанияның директор орынбасары, 40-қа толмай директор, 50-ге толмай компания президенті болған адамның  сәттілік сырымен бөліскім кеп отыр.

Кейін бұл адам бір елді басқарған, ендеше оқымай өтуге болмас.

Бұл кісі – Корей Республикасының бұрынғы президенті Ли Мен Бак мырза. Ұстанған саясаты мен басқаруынан көп хабарым жоқ, бірақ біз сияқты жас кезіндегі еңбекқорлығы мен тәртіпке қатты бағынуы, қайтпас қайсарлығы жайлы әңгімелер айтып берейін.... 

***

... -Мен сізге аванс бере алмаймын, кешкі 5-тен кейін беруге болмайды.

-Мен бастықпын ғой!

-Өзіңіз орнатқан тәртіпті өзіңіз бұзатын болсаңыз, онда оны ешкім де орындамайтын болады.

Қарапайым бухгалтер боп жүрген кезінде ЛМБ осылайша бастығына аванс бермей қойған екен.  Өзінікі дұрыс емес екенін түсінген бастығы сөзден жеңіліпті. Тәртіпке қатты бағынатын ЛМБ-қа сол бастығы «Болашақта үлкен адам болатыныңа сенімдімін» деген екен.

***

ЛМБ таңғы жетіде басталатын жұмысты алтыға ауыстырады, тәртіпті күшейтеді. «Әрине, мұндай жағдайды қазіргі кезде елестетуге де болмас, бірақ біздің замандастарымыз кедейлікті  дәл осындай жағдайлармен жеңді» дейді ЛМБ.

***

ЛМБ механик боп жүрген кезінде басшылық олардың жұмыстарына қанағаттанбай сөгіс жариялайды. ЛМБ күллі жұмысты жасайтын булдозерді күл талқан етіп бөлшектеп тастайды  мұны көрген басшылық ашуланады, күллі жұмыс тоқтап қалады, ЛМБ дегенінен қайтпай булдозерді  өз қолымен қайта құрастырады. Нәтижесінде ЛМБ булдозер жөндеуде ең мықты механикке айналады.

***

Булдозер жөндеп жүрген кезінде көрші зауыттың шаң-тозаңы жұмыстарына кедергі келтіреді. Көрші зауытқа бір мезгіл шаң-тозаңды тоқтатып жұмыс жасауға мүмкіндік берулерін сұрайды. Ол жақтан еш жауап болмайды, сонда ЛМБ булдозермен көрші зауыттың алдын қазып қопарып тастайды. Көліктері қатынай алмай қалғандықтан көрші зауыт жұмысын тоқтатады.  Үлкен дау туады, нәтижесінде өтінішке жауап бермеген көрші зауыт кінәлі боп шығады. Күтіп отыра бермей әрекет жасап нәтижеге қол жеткізе білген ЛМК-қа басшылары ештеңе дей алмапты.

Келесі блогта ЛМБ-тың бір пайдаға жарарлық қанатты сөздерімен бөлісемін. Күтіңіздер)))



Бөлісу: