Қазақстан – спортшылар елі немесе Шорт-трек туралы не білесіз?

Қазақстан – спортшылар елі немесе Шорт-трек туралы не білесіз?
жеке
блог

Сәлеметсіздерме, Массагеттіктер!!!

Қазір біздің елімізде қысқы спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Олардың ішінде конькимен жүгіру, шаңғы, биатлон, тау шаңғысы, мәнерлеп сырғанау, фристайл, шорт-трек, сноуборд, хоккей... Бұл спорт түрлерінен спортшыларымыз да ел намысын қорғап жүр. Өзіме осы қысқы спорт түрлері қатты ұнайды.

Соның бірі маған ерекше ұнайтын, қысқы спорт түрлерінің ішінде кеңінен танымал – шорт-тректі айтқым келеді. Шорт-трек бұл қандай спорт түрі? Әрине, бұл сұрақтың жауабын біріміз білсекте, біріміз біле бермейтініміз анық.Тек,  XXII Қысқы Сочи Олимпиадасында шорт-тректен біздің жігіттеріміз өнер көрсеткенін білеміз. Алайда, Сочи демекші елімізде шорт-трек деген спорт түрі барын, онымен өзіміздің жігіттеріміз беріліп айналысып жүргенін, бәрін өз қанатының астына Қазақстанның шорт-тректен Құрама Командасының бас жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков ағамыздың жинап, жаттықтырып жүргенін Сочи Олимпиадасына дейін біз білдік пе?

 Мәдіғали Қарсыбеков ағамыз бен Илья Ильин

                                   Мәдіғали Қарсыбеков ағамыз бен Илья Ильин 

Жалпы, сіздерге түсінікті болу үшін шорт-трек анықтамасына тоқтала кетейін... Шорт-трек спорты негізінен конькимен жүгіру жарысының бір түрі. Алайда шорт-трек спортында конькишілер ұзақтыққа емес, қысқа қашықтықта әрі жылдамдыққа жарысады. «Short Track» сөзін ағылшын тілінен аударғандағы мағынасының өзі «Қысқа қашықтық» дегенді білдіреді. Шорт-тректен жарыс былайша өтеді. Әйелдер де, ерлер де 1500, 500, 1000 және 3000 метрлік қашықтарда күш сынасады. Бірінші орын алған спортшы-5, екінші орын алған спортшы – 3, үшінші орын алған спортшы – 1 ұпайға ие болады. 1000 және 1500 метрлік қашықтарда мәреге алты спортшы шықса, 500 метрлік қашықтықта олардың сандары төртеуден аспайды, ал  метрлік қашықтықта олардың сандары төртеуден аспайды, ал 3000 метрлік қашықтықтағы бәсекеге алдыңғы үш қашықтық бойынша бірінші-сегізінші орын алған спортшылар ғана жіберіледі. Ереже бойынша іріктеу және финалдық жарыстар өтеді. Жеңіске төрт қашықтықтың қорытындысында ең көп ұпайға ие болған спортшылар жетеді.

Міне, осындай шорт-трек деген спорттың пайда болғанына да ғасырдан асыпты. Ал, біздің Қазақ шорт-трегіне 28 жылға жуық. Осы уақыт аралығында біздің қазақ жігіттері Әлем Кубогында, Әлем чемпионатында жақсы нәтижелер көрсетті. Үздіктер қатарында Аслан Даумов , Абзал Ажғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Азамат Сұлтаналиев, Айдар Бекжанов,   Артур Сұлтанғалиев, Денис Никиша, Инна Симонова, Ксения Мотова, Дарья Волокитина, Азамат Нұрмағанбетов, Данабек Қайыров, Ринат Мәженов, Ерхат Кубашев сынды дарынды қазақ шорт-трекшілерімізді атап өткеніміз жөн.  Біздің шорт-трекшілеріміз 2005-2006 жылдардан бастап Әлем Кубоктарына, Әлем чемпионаттарына қатысты. Жоғарыда айтып өткендей Құрама команданың бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков Қазақ шорт-трегінің дамуына, үлкен жетістіктерге жетуіне аянбай тер төккен ағамыздың еңбегін жігіттеріміздің озық нәтижелерінен-ақ білуге болады. Сонымен бірге, елімізге  Кореядан жаңа жаттықтырушы-кеңесшінің келуінде айта кету керек.  «Тірі қалғандар ғана чемпион болады!» деген ұстаныммен өмір сүретін Джимми Джен бұған дейін АҚШ, Оңтүстік Корея, Австралия құрамаларын жаттықтырған болатын. Ал қазір Джимми Джен  шорт-тректен Қазақстанның Ұлттық Құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі, әрі Әлем мойындаған өте білікті маман.

Шорт-тректен Қазақстан Құрамасы

                                   Шорт-тректен Қазақстан Ұлттық Құрамасы

Ал, биылғы жаңалығымыз өткен XXII –ші қысқы Олимпиада Ресей Федерациясының Сочи қаласында Еліміздің Ұлттық Құрамасы сапында өзімнің жерлестерім, батысқазақстандық  шорт-трекшілеріміз қатысқан болатын. Олар Аслан Даумов, Абзал Ажғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Инна Симонова, Айдар Бекжанов, Денис Никиша, Артур Сұлтанғалиев. Қанжығамызға медаль бұйырмаса да, шорт-трекшілерімізді ақ Олимпиаданың финалына  5-щі орынға табан тіреп, алдыңғы қатардан көрінгеніміз үшін мақтан тұтамыз.

 

 Сондықтан да қазіргі кезде елімізде өсіп келе жатырған іні-қарындастарыңызды болашақта улкен биіктен корінетін, Еліміздің атын Әлемге танытатын, мықты спортшылар шығару үшін оларды алдымен, спортқа деген қызығушылығын оятып, спортқа баулып, ақылды, білімді, еңбекқор болуға үйрету, тәрбиелеу ол сіз бен біздің міндетіміз. Осыдан кейін осындай мықты спортшыларымыз Қазақстан деген елімізді күл Әлемге танытатын болады.

«Еш тен кеш жақсы » демекші, спортқа қызығушылықтарыңызды оятып, салауатты өмір салтын қалыптастырып, спортқа бір табан жақындай түсіңіздер. Әлі де кеш емес!!!