Әлемдегі ең арзан көлік

    Бағасы 9 доллар тұратын велосипед туралы естуіңіз бар ма? Жоқ болса, онда назарларыңыз бізде болсын! Израильдік дизайнер Изхар Гафни кең көлемде дүние жүзіндегі ең арзан велосипедті жасап шығармақшы. Бұл транспорттық құрал картоннан жасалмақ. Бағасы жоғары да атап өткендей бар болғаны 9 долларды құрайды.

    Бұл идея Гафнидің ойына картоннан жасалған каное қайығы туралы оқып отырғанда туған. Арзан транспортты жасауды бұрыннан ойлап жүргенін израильдік интуазист жасырмайды. Ол картоннан жасалған қос дөңгелекті транспорт сферасында өз тәжірибесін сынамақ. Картон әрине жұқа әрі ыңғайсыз материал. Тез майысып, суда да жіби салады. Бұлардың бәрін ескеріп, Изхар Гафни қосымша конструкцияларды пайдаланбақшы. Солардың шығыны бар болғаны 9 долларды құрап отыр. Осы шығынға қарамастан, қос дөңгелекті көлік әлемдегі ең арзан көлік болып саналмақ. Ол тек бірнеше айға жарамды болады екен. Бұл көлік түрін ұрлау ұрылар үшін мәні жоқ деседі. Себебі, велосипедтің құны бір бөтелке сыраның бағасынан да анағұрлым арзан болып келетінін айтады .



Бөлісу: