Жаңа смарт қолсағаты

Жаңа смарт қолсағаты
жеке
блог

   Нарықта тағы да бір «ақылды» сағат пайда болды. Zensorium компаниясы кең функционалды Being қолсағатын жасап шығарды. Олар өз алдына сағат болып қана қоймай, фитнес-трекер де бола алады. Тағы да бір ерекшелігі, қолданушының көңіл-күйін бақылайды. Фитнес-трекердің арқасында, қолданушы қанша жол жүргенін, жүректің қалай соққанын біле алады. Смарт қолсағат жүректің соққан ырғағы мен жүйке-жүйесінің артериясына сүйеніп, адамның көңіл-күйін біліп отырады. Being қолданушының төрт түрлі көңіл-күйін: стресс, мазасыздану, сабырлы және қалыпты жағдайын анықтайды. Қолданушы статистикалық мәліметті тек смартфон телефонындағы арнайы бағдарлама арқылы ғана біле алады. Егер бұл сағатқа қызығушылық танытып, алдын ала тапсырыс берер болсаңыз, құны 169 АҚШ долларын құрамақ. Сатылымға түскеннен кейінгі бағасы 199 доллар болады.