Төлеби ауданының жасотандықтары Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне барып үй шаруасына көмек көрсетті.

«Жас Отан» жастар қанатының Төлеби аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында жасотандықтар Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне барып үй шаруасына көмек көрсетті.

2014 жылдың 16 қаңтар күні «Жас Отан» жастар қанатының Төлеби аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында жасотандықтардан құралған еріктілер топтары ауданда тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне үйлеріне барып, үй шаруасында көмек көрсетіп, Батыр аталарының өсиетін тыңдап қайтты.

«Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасының негізгі мақсаттарының бірі – Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жауынгерлік және еңбектегі жеңістерін қазақстандықтардың мақтаныш сезімін қалыптастыру болып табылады.

Жасотандықтардан құрылған еріктілер топтары Леңгір қаласында тұратын Ұлы Отан Соғысы ардагері Капустина Александра Петровнаның үйіне барып, үй шаруасына көмек көрсетіп қайтты.



Бөлісу: