Залал сезім... 4 -ші бет

Залал сезім... 4 -ші бет
жеке
блог

                                                                ІV

  Күн кешкірген. Ұлы дала керіліп жазғы кештің мұнар - мұнар толқындары құшағына енді. Күн батар алдында әуеде қарақұстар салп -салп етіп, төмедеп ұшып барады, мамыражай кешті мадақтап құстар сайрайды. Ауылдағы әпкесінің үйінде Айнұр айнаның алдында үсті - басын сылап -сипап, алдағы ұзақ жолға шыққалы отыр. Алда тұрған міндет пен борыш ол үшін маңызды боп кетіпті. Сіңілсінің кегін алу үшін ол барынша дайындалып бақты, тек бір күдік, ол - Жарас Айнұрды бұрын сонды көрді ме, көрмеді ме бір хахтағалаға белгілі. Өйткені Айнұрдың санасында туған жоспарда Жарас Айнұрды танымау тиіс!

  Неліктен Айнұр кеш бата жолға шыққаны белгілі емес. Зоямен қоштасып машинаға отырып қалаға, алдағы діттеген мақсатына жету үшін ішінен "Бисмилләһирахманирахим" - деп жол тартты. Жол бойы Айжанмен достығын есіне алып, жанарындағы жасты бір сәт сүртіп қояды. Айнұр Зояның Алматыда тұратын інісінің қызы болатын. Байғұс қыз бала кезінен жетім атанып Зояның қолына келген. Ол уақытта Зоя қалада тұратын, ал Айжан болса небәрі 8 - сынып оқып жүрген. Зоя болса облысытық кітіпханада таңнан - кешке дейін жұмыс жасайтын. Күні бойы Айжанмен ойынның қызығына батып Айнұр бұл отбасыға тез сінісіп кетті. Сүйтіп жүріп мектеп бітіріп, медицина академиясына грантқа да түсті. Оны оқып жүргенде Зоя мен Айжан кенеттен ауылға көшіп кеткен. Содан бері Айнұр бұл аулыға анда -санда бір келетін.

   Арада ала  -жүріп бір апта өтті. Айнұр бұл мерзімде Жарасты тауп кездесіп те үлгеріпті. Құдай сақтап ол Айұрды танымады байғұс, бұнысы дұрыс болғанда шығар. Жарас Айнұрды бір көргенде - ақ, бойын тіктеп, көздеріне нұр кіріп, шоқтай жайнап кеткен сынды. Айнұрдың ажары толған айдай, қасы садақша керілген, такаббар да ойнақы көздері Жарастың жас жүрегін сыңқ етті де жіберді. Қазір - ақ, қазір -ақ Айнұрдың аяғының астына бар дүниені сарп ететіндей көрінді. Күндер де зу-у ете өте шықты, махаббат шарабына мас болған Жарас әлі - ақ соның моласына түсетінің өзі сезбеді де. Махаббатың бақандай бір айы өте шықты. Жарас әкесінің машинасын сұрап Айнұрды қала сыртындағы үйіне қонақ қылмақшы. Міне бәрекелді Айнұрдың қармауына өзі түсті ақмақ балық. Кейде жігіттік құмарлық не істетпейді десейші. 

   Бұл күндері қала өз қазанында қайнап - пісуде. Біреулер жұмысқа асығып барады, біреулер болса дәмханада кофе ішіп гө - гөө әңгіме айтуда. Машиналар болса бір - бірінен жыртылысып - айырылысып асфальт жолымен өтуде. Қала сыртындағы саяжайға кеш болмай жетуді ойлаған жастар түс кезіңде жолға шығып кетті.

   Жол ұзақ болатын, түскі үш - төртте жолға шыққан жастардың алдында кеш бата бастады. Саяжайға жету үшін әлі - ақ жүру керек. Жол бойындағы ауылға соғып жанармай толтырып екеуі ұзақ жолға қайта шықты. Жоспарын ойлап келе жатқан Айнұр болса қобалжу үстінде.

- Саған не болды жаным?- деп Жарас оң қолын Айнұрдың санына қоя бергенде, қыздың денесі тітіркеніп, жиіркенішті күйге түсті.    

- Жай, кеш батты, қараңғыдан қорқатыным бар! - деп үн қатты. Осымен жол үстіндегі екеуінің әңгімесі аяқталды.

  Ми дала қоршауында жарық беріп келе жатқан машинананың тоқтайтын ойы жоқ. Айнұр санасын бір күдік үрей билей бастады. "Мүмкін бұл менің кім екенімді сезіп қойған шығар, мені де Айжан ұқсатып жайратып салса не істеймін? Жо-оқ, жәрәр! Мен Айжанның кегін алу үшін бәріне де барамын! Мен батылмын" - деп қыз санасына сендірумен бақты. Машина ішінде моладай тыныш, біреуіде үн қатып жатпай отыр, көп ұзамай Жарас қолына темекісін алып, Айнұрдан рұқсат сұрамастан тарыдай жерді түтінімен бұрқ етті. Айнұрдың жүрегінің қағысы соншама қазір кеудеден жұлынып шығып алдағы терезеге былш ете жабысатындай көрінді.

- Ж-Жарас біз қайда барамыз? - деп Айнұр жан - жағындағы қара түнекке қарап қойып, Жарасқа қарай бергенде жүрегі "сыңқ" етті, бұрыла салғанда Жарас Айнұрға тесілген көзімен алара қарап отыр. "Қазір қанынды ішем сайқал" - дегендей көзін қан басып кетіпті хайуанның. Айнұр дауыс шығарып қорыққаннан айқай салды. Темір тұлпар "шии-иқ" етті тоқтай қалды. Жан - жағындағы қара түнек әдіре қалғыр жүрекке тыныштық бермейді.

- Айнұр? - деп Жарас он қолымен Анұрдың иығынан суық қолымен ұстай қалды. Айнұрдың зәресі зәр түбінде "Не болады? Не болады Құдайым? Бұ не сұмдық, қайттім енді? - деп қорқыныш ойы миын шашратып барады.

- Ж-ж-жаным Жарас, мұның не сенің? Не болды саған? Ауырып тұрсынба а? - деп Айнұрдың дауысы дір - діррр етіп тұр. Сәл ғана тыныштықтан соң Жарас Айнұрдың бетінен бар күшімен салып қалды. Үн шығармастан Айнұрдың шашынан мықтап ұстап алып, бір ләззатқа бөленгендей езу шар тарапқа жайылып кетті. Қыздың шыңғырған бар даусынан Жарас үнінді өшір дегендей Айынұрдың шашынан ұстап алға қарай бетін соғып қан қылуда. Дүние - әлем жалын боп қайнап, түтін боп қирап, аспан төнкеріліп төбеге түскендей болды. О Құдай тағала бұл пендене көмек бере гөр...

                                                                    V

  Ми дала ортасында шамның ішіндегі от сықылды жанып тұрған машинада не болып жатыр, бұл не сұмдық? Айнұрдың көзіне лезде алдында тұрған молнаның айшықтары жарқ ете қалды. Сіңілсі үшін кек алуға келген адамда суық қаруды болмағаны қалай? Жарас бұқалана түсіп қолын күшін қатайтып жұдырығымен Айнұрдын кез келген жерін сабауда, бір кезде шашынан жұлқылай отырып:

- Нее мен сені танымады дейсінбе ақмақ? Сен әлгі салдақының әпкесі емессінбе? Иә-ә дұрыс, не, не, не істеу үшін келдің а? Ғашық болдынба маған? Ә бәлем қазір сені жүкті қып ай далада тастап кетпесем атым өшшін! Мә-ә саған! - деп Айнұрды бар күшімен алдыға қарай серпіп жіберді. Осы сәтте қыз қолына пышағын алып үлгерді де Айнұр Жарастың йығынан бөсіп жіберді. Айуан тектестің ыстық қаны Анұрдың қолына шашрай кетті. Машинада серпіп түсіп көзі ауған жаққа қашты да кетті. Машинада отырған Жарас есін жиып алып лезде атып түсіп, әкесінің тапаншасымен алыста көрінген силуетке "тарс-с" етті де атып жіберді! Бұл Айнұр болатын, қарғыс біткен оқ қыздың аяғына тиіпті. Бірақ бұл кез аяғын сипап, жылап -соқтайтын отыратын кез емес, қашу керек лезде. Айнұр орнынан айқай салып сарп етіп тұрып мейіттің ортасындағы күмбезді бейттің біріне жасырынуға беттеді. Жарас қызыдың жан айқайын естіп "тірі екенсің ғой тварь! Тіпу!" деп сөретіліп алдындағы молға машинаның бар жарығын берді. Алдында тұрған мейітке буылыға айқай салды:

- Айнұр, атын өшкір Айнұр?! Көріне менсіз асыға кеткенің не? - деп машинаның арт жағынан тік күректі суырып алып түн ішінде моланың ортасына беріп кетті. Бірден күмбезді бейіттердің қасына барып ұялы телефонының жарығын қосып, сабырлана сөйледі:

- Айнұр. Әй қыз естімісің өзің? Өй шешеңді үн қатпайды ғой өзі. Айнұр шынынды айтшы, сен әлгі Айжанның кегін аламын деп келдің ғой иә? Қане енді..- деп үлгермеді, сол сәтте артынан кірпішпен басынан салып жібермекші болған Айнұрды Жарас бұрыла сала күрекпен бетінен беріп  жіберді. Айнұрдың мұрыны сынған тәрізді, бетін бууып жатыр байғұс.Оны қарап бағып тұрған Жарас жоқ, бірден күрегін көтере сала Айнұрды қансырата ұрып жатыр. Осыншама тасжүректік, айуандық Жараста қайдан екен... Қала ма, дала ма, қарап тұрған ол жоқ. Әруақтардың мекеніңде, олардың тыныштығын бұзған бұл адам тектесте недеген теріс батылдық десеңші...

  Айнұрдың енді тұра алмайтының көріп сол тұрған жерлерінде күрекпен жер қазып Айнұрды тірідей көмбекші хайуан. Шірік неменің қолынан келеме екен, он иығы жаралы, сонда да болса қазбақшы, не кек жүрегін билегенің кім біледі, талпынып күрегінің басын шалғын шөпке тығып жіберген кезде күректің басын "Шап-пп" еткізіп біреу ұстап алды. "Бұл не екен, темір терсек шығар"- деп телефонның жарығын түсіре салғанда Құдай сақтағыр алдында бір кейіп тұр. Жарықты жағып түрін көргенде Жарас тілін жұтты. Алдындағы көрген сурет кейіпі: үстінде жамау тігіс, терісі  жүз жыл күтім көрмеген, тырнағы тізесіне дейін өсіп кеткен бір құбыжық силуеті тұр. Жарас арт жаққа серміп түсіп Айнұрдың жанына бүгіле қалды. Жарықты жоғары көтеруге жүрегі батпайды. Не де болса көрелік дегендей жарық бергенде есінен адасқандай болып қызша шыңғырып "мама, мама " деп айқай салды. Ауыз - қуысы мүлдем жоқ, шашының бір бөлігі таз, бір бөлігінде ақ - қара умаж шаш, таз бөлігіндегі шекесі тесілген, құдды қазір басынан құрт шығатындай көрінді. Солай болды да, бірақ шошытқыр құрт бастан емес көздің қарашығынан сыпырылып түсті. Бұл не? Шетелдікіндей түн болса мейіттен өлгендер оянады ма сонда? Есінен аусқан Жарас дауысы қарлығып, қолы дір - дір етіп "Кет!, Кет деймін әйітпесе атып өлтіремін! - деп жың қаққандай бүктеліп домаланып жатыр. Әлгі жыртыс көйлктегі әруақтар болса жақындап келеді. Жарас "Маған жоламандар "-дегендей тапаншамен аспанға атып жіберіп кейін сол тапанша миын жайратып жіберді...

   Ми даладағы таң өте суық әрине. Жарастың көргені распа, әлде қанның көп кеткенінен есі аустыма кім біледі. Өзін -  өзі атып өлтірді айуан тектес...

 Өзінің жаурап жатқаның не де болса сезіп жатыр Айнұр. Тірі екен, Құдай сақтап тірі екен. Алыстан полиция машинасының сиренесы естіледі. Басын баяу онға бұрығанда: көзі ашылған, аузынан қан сорғалаған Жарас жатыр...

   - Қане абайла қызым. - деп Зоя аурухананың баспалдағынан Айнұрды үйіне алып бара жатыр. Терезенің ар жағында жапалақтап қар жауып тұр. Үш айдан кейін бірінші рет далаға шыға сала Айнұр тізеге отыра қалды.

- Шүкір, мың алғыс, мың алғыс саған Құдайым! - деп жарылған ернің күбірлетіп отыр. Зоя лезде көтеріп машинаға салып үйге, ауылға қарай қайтты. Айнұрды не полиция, не оның ата - анасы жазғырмады. Өйткені машинадағы камера сорлыдан да сұмдық түнді еш мүлтікпей түсірген.

   Сұмдық түнді ұмыту үшін Айнұр психиатрге көрініп есін жиды әйтеуір. Арада бірнеше жыл өтіп, тұрмыс құрған Айнұрдың қазір екі қызы мен бір ұлы бар. Өткен күнге арыз айтудың қажеті жоқ. Өткен - кеткен. Оны ешкім қайта әкеліп оралтпас. Өткенде не жоқ демейсің? Тойда, думан да, күлкіде қайғымен өлімде бәріде жетеді. Бірақ өтті де кетті. Алдымыздағы жарқын болашақтың есігін ашуымыз керек. Ол да түрлі тосын сыйға толы...