Жаңбырлы сезім тамшысы

Жаңбырлы сезім тамшысы
жеке
блог

Жаңбырлы сезім тамшысы

Тулаған шабыт...
Тулайды жүрек,тулайды!
Шулаған өмір...
Шулайды көңіл,шулайды!
Жауынның суы,тамшылап келіп тамғанда,
Баланың мұңы,даланың үнің жырлайды.

Даланың мұңы...
Жаңбырмен "жасын" төгеді.
Найзайғай ұрып,"адамдар ісін" сөгеді.
(Қолдағы барды қадірсіз қылған пенделер?!)
Тағдырым жылап,"уақыттың сәнін" көмеді!

Куәгер дала!
Жаңбырдың әрбір тамшысы!
Өмірдің тиді,тиеді әлі қамшысы.
Қайтеміз,енді,сынағы болса Құдайдың...
Кешермін өмір,нәпсінің болмай "жаршысы!"

© Накпаев Аян 28.05.2014 жыл