Кездесу... кездесу... #2

Жасын асықпай аяқ киімін киіп, сырт киімін іле салып бөлмеден шығып кетті. Ерболды шығарып салуға он үшінші бөлмеде тұратын Айнұр есімді қыз бен 20-бөлмеде тұратын әнші-гитарист Рауан есімді жігіт, сонымен қатар Жасынның  бөлмелестері Әділет пен Ғарыш та ере шықты. Гитарасын қолтықтаған Рауан ән шырқап,  жігіттердің әзіл араласқан әңгімесімен Фурманов көшесіндегі аялдамаға да жетіп қалды. 

-Енді 79ды күту керек, сендер қайта берсеңдер қайтеді суыққа тоңбай,- деді Ербол.

Өзі әзілқой, өзі әнші Рауан:

-Шығарып саламыз, - деп әңгімесін жалғай түсті.

-Бүгін, 27 желтоқсанда қайтатынның бәрі үйкүшік, ертең де күн бар емес пе?-деп бүгін қайтатын жігіттердің намысын жани түсті.

-Неге сөмкең ауыр емес?-деді әңгіменің бағытын басқа жаққа бұрмақ болған Әділет Ерболға.

-Мен дүниеқоңыз емеспін ғой, мынау Жасындар секілді,-деп күле  түсті. Әрение Жасынның екі сөмкені жолға дайындауы мақсатсыз емес-тін.

Содан Ерболды 79шы нөмірлі автобусқа отырғызып, қош айтып кете барысты жігітттер. 

Кешкі 9-00.Жасындардың пойызы 9-27 де жолға шығады. Жатақханадан асығыс шығып, қолындағы жүктерін көтерген бойы Қазыбекби көшесінен Таксиге қол көтере берді. Әйтеуір біреуін тоқтатып, Жасын мен Әділет жолға шықты. Пойзға үлгеріп, жайғасып алған соң, Әділет бірден ұйықыға кетті, ал Жасын болса ауылдағы сағынысып жүрген достарымен хабарласып, хәл-жағдайын біліп, терең ойдың тұңғиығына сүңгіп, еріндерін жыбырлатып, бір өлеңнің шумақтарын құрап жатты. Бір кезде ауылдағы сыныптасы соққан қоңыраудан селк етіп, ойын шашыратып алса да, қоңырау шалған адамның атын көріп, ашулана қоймай тұтқаны көтерді. Ауылдағы сыныптасының әдепкі сөздеріне әдепкі қалыппен жауап берді. Сыныптасының әдепкіден бөлек сөзі: «өлең жаза кел» болатын. Содан қолына телефонын алдыда, бағаналы бері жыбырлап келе жатқан өлең жолдарының басын құрап, әжептеуір өлең туғызды.

...

Ауылына келіп, ата-анасымен қауышып, ағайынға амандық сұрап, барып қайтты. Жаңа жылын мерекелеген мектеп қабырғасына барып, ұстаздарына құтықтау сөздерін жаудырып, мектеп қабырғасында өтіп жатқан жаңа жылдық кештен кейінгі би кешінің қонағы болды. Би кешінде сылқым арулар мен желігі басылмаған жігіттер болды. Аққудай мамырлап бидің кезегін күтіп отырған арулардың ішінде Жасынның мектептегі махаббаты да бар-тын.  10-сынып оқып жатқан, сұлу өңді, мереке деп тым ерекше киініп, тым ерекше боянған Жасынның Арайы бір көргеннен-ақ көзіне оттай басылды. Шыдап тұра алмады. Мектеп кезінде екеуінің махаббатының гимне айналған Сәкен Майғазиевтің «Арайлым» әнін музыкант  жігіттерге сұрау салып қойдырды да, өзі ортаға шығып, Арайын биге шақырды. Бәрінің есіне екеуінің мектеп кезіндегі кіршіксіз махаббаты түсіп, әлгі ән естілгеннен елең етіп, қол соқпаған, ризалықпен айқайламаған қыз бен ысқырып разылығын білдірмеген жігіт қалмады. Екеуінің жарасымды биін сағынып қалғаны көрініп-ақ тұрды. Жат қалаға аттанып, ғашығын сағынған Жасынның жұмыр жүрегі бір бақыт сезгендей лүпілдеп қоя берді. Әрение, қос құшақ айқасып, иықтарға иектер артылған соң екі жүректе қуана соқпай ма? Ауылына келіп, сағыныштан сарғайған жүрегін тыныштандыра бастағанда, мектептегі махаббатын көріп, құшағына қайта құшқан Жасынның басы айнала бастады. Кенет маужырап, «Сүйіктім, сүйіктім» деп еріндерін жыбырлатып, бір ойды түйіп, бір өлеңнің беймәлім ұйқастарын ұйқастырып, ойға шомып кетті. «Осы әуен аяқталмаса екен, өмір бойы ғашығымды дәл осылай құшағыма құшып, әуеннің аясында билеп тұра берсем екен» деп ішінен қайталай түсті. 

Әттең,дүние-ай десеңші, әуен де тоқтады, би де бітті, құшақтар да жазылды, би кеші де аяқталды. Екі жүрек барған сайын алыстай түсті. Алыстаса да бір-бірін ойлап соғып тұрған жүректер батыл да емес еді. Арудың жүрегі: «неге өз құмарын қандырмайды?неге ернімнен сүймейді, расы ол мені сүйе ме?»десе, жігіттің жүрегі: «әттең, жарым болар ма еді,болмайды-ау, мен оны сүйем, ернінен сүйгім келеді, құшағыма қысқым келеді,бірақ не керек,ол менің жарым болмайды,  демек өзгенікі, мен ұрлық жасамайын» деп ақ-адал ниетін білдіре түседі. 



Бөлісу: