Залал сезім... 3 -ші бет

Залал сезім... 3 -ші бет
жеке
блог

 Бұл күндері ауа - райы біресе құбылып тұрса, біресе дала ысып кейін жауын шашатын болды. Күрт құбылу ауа - райында ғана емес Барақтыда да у - шу. Жарылқастың үйінің алдында халық азар да безер. Жиылған халық арасында біреулерге бұл сұмдық жағып барардай өсектің астына алса, біреу аяршылықтан жандарын қоярға жер таппайды. Жасыл әкпен боялған сыртқы есіктен қолына бұғау салынған Жарасты полиция алып шықты. Онын артында есін жиалмай анасы Жамилә Жарылқастын ыйығына сүйеніп отыр. Өмірінің бар мәні ұлдары болған Жарылқас пен Жамилә өздерін бұл жолы Құдай бермес "қу бастанып" котежд" үйінде екеуден - екеу қалды.

    Кеш бата өрістен малдар қайтып келеді, ауылдың шеткі бұрышында тұрған үйде құлақ ашып кіру мүмкін емес. Зар жылаған ана құдды бірер минуттан кейін бұл ғалам ол үшін өмір сүрмейтіндей, басындағы миы жан - жағына шашырап кететіндей қос қолдап басын ұстап қызын жоқтап отыр ана байғұс. Сірә бұл өмірде нәрестесінен айырылған ананың зар жылаған дауысын есту бір сұмдық...

   Қызыл - ала күн ауылдың бір шетінде зарлап отырған ананың жоқтауын өзімен бірге алып барады. Малдарын жайлап ауыл қатындары Зояның үйіне жиналуда. Біреуі үйіндегі тегеш - табақтарын тасыса біреу қазан ошағы, ыдысымен Зояның үйіне әкеліп беруде. Жарылқастың үйінде тек мал дәрігері Арман  мен ауылдың бухгалтері Шолпан қайғыларына ортақтасып отыр. "Бұлардікі не қайығы?! Қайғы жұтқырлар, тым жақсы қыздың өмірін құртқан балаларына ие болмай ма екен. Әне Зояның дауысын ауылдың әр бұрышына дейін естіледі, ұялса нетті мыналар" - деп қолдарында пакет ұстаған бір - екі ауыл қатындары гөлдеп барады есік алдынан. Алда болған үш күнді ауыл халқы ешқашан есінен шығармас. Аза жұтқан отбасында қып - қызыл айқай мен төбелесте болды. Бұл тап Айжанның жаназасының күнінде Жарастың анасы Жамилә қазан басында ет түсіріп тұрған Зояның аяғына жүгіріп кеп жығылып оның етегіне жармаса кетіп кешірім сұрағанынан басталды. Жамилә бар даусымен өксіп жылап қос тізеге отырып:

- Кешірр- р -р Зояжан, кешір менің ұлымды, оның кінәсі жоқ, мен кім екенің білем Зоя, естімісін мені а? - қос қолын жұдырыққа қысып, ана кешірім сұрауда. Зоя болса, екі күндік зар жоқтаудан дауысын жоғалтқан, бірдеме десе даусы "қырр-р - қырр-р" етеді.

- Кет бұл жерден Жамилә, аман -сауында кет!- деп Зоя қолындағы ет толы табақты көтеріп тізесінде отырған Жамиләның қасынан өте бергенде :

- Немене, қызың періштеме еді тәйірі а? - Жамилә бұдан бұрын ешкімнің алдында кешірім сұрамағандықтан болар, шайтан намысы кермеп барады денесін. Зоя ет толы табақты ұстаған күйінде қатты да тұрды. Бұларға ел - жұрт қарауда, Жамилә болса орнынан тұрып:

- Әй менің ұлымның басын айналдырған сенің қызын! Әне үкімет берген машинаныда құртты. Кім төлейді оған ә? - ошақ басындағы әйелдер Жамиләға "Қойсаншы, ұят емеспе!" - деп тыныштандыруда. Осы сұмдық сөзді Зоя көп тындамады, қолындағы етті жерге қойды да қолына қазан ошақтын отынын алып Жамиләны ұратындай леппен ұмтылып келіп Жамиләнің тізесінен салып жіберді. Қырылдаған даусымен барынша күшеніп:

- Құдай атқыр не деп тұрсын сен?! Не, не жауап күтесін меннен? Бөлмеде жатқан Айжанның сүйегін... - Зоя басын ұстай қалды, миы әне - міне дегенше шашылатындай күйде болды Зоя.

Зояны аға-інілері көтеріп бөлмеге алып кетті. Сәлден соң үйінен Зояның інісі Берік атып шығып, әйелінің қасында тұрған Жарылқастың жағасынан ала бастады. Айжанның жаназасы осындай айқай шумен шығарылды.

Арада 1 ай өтті. Айжанның қырқын бергеннен соң бірден ауданда сот ісі басталды. Түгел ауыл "не болады екен ә?!" - деп күтуде. Аудандық соттың 6 - бөлмесінде қызу қылмыстық іс туралы сот ісі басталып та кеткен. Үш сағатқа созылған сот нәтижиесі шықты. Сот есігінен Айжанның шешесіне қарауға сұс жоқ. Беті боп -боз, не күлерін, не жыларын білмей тұр. Құдайым бұл өмірде әдлет барма? Неліктен тірегі барлар ғана өмір сүреді? Айжанның сүйегі қорланды - ау. Зояның артынан Жарас шығып келеді, екі жағынан ата - анасы. Зояның қасына келіп:

- Міне, Зоя, осыдан бір ай бұрын қолындағы ағашпен мені жұрт көзінше ұрып ең, енді міне сені Құдай әдлетімен ұрып жатыр. Әдлеттік жасасын! - деп Жамилә норкі шубасының жағасын көтеріп өте шықты. Зояның айтқан сөзі қазірге дейін Жамиләнің түсінен кетпейді. Сот ғимаратының кіре берісінде Жамиләның артынан:

- Сен білесін бе? - деді Зоя, даусын көтеріп. Жамилә бұрылып көзілдіріктін астынан:

- Нені? Сенің қу бастығынды ма? - деп мырс етті.

- Ұлын!

- Немене ұлым? Не істейсін оған?

- Мен емес, Құдай көрсетер! Жамилә қайғы жұтқан ананын атынан қарғыс атамын! Ұлын екі дүниеде де симасын!- деп Зоя автобус аялдамасына қарай беттеді. Жамилә болса денесін мұз басып, айтарға сөз таппады...

  Бұл күндері ауыл өз қазанында пісіп жатыр. Бірнеше апта бұрын болған сот шешімін күллі ауыл халқы біледі. Бұл арада Барақтыға жаңа әкім келіп, Жарылқас отбасымен қалаға көшіп кетіпті. Бірнеше апта бұрынғы сот шешіміне қатты ызалы болған Айжанның туған әпкесі өзін қоярға жер таппай жүр. Айжанның жаны күнде кеп Айнұрдан кек алуды талап етеіндей түсінен кетпейді. Ақыры бір - екі күн ойда жүріп, Айнұр қалаға бет алды.

  Алда болатын оқиға шешуші. Жалғасы көп ұзамай шығады.