Түріктен қалған эстафета

Түріктен қалған эстафета
жеке
блог

Түрік телехикаялары экранымызды жаулап алып теледидардан көз алмайтын болдық. Бірақ қазір кәрістер мен үндістер эстафетаны өз қолдарына алғандай. Көзіміз Ананди, Тапасия, Ичкидан ашыла алмай – ақ қойды. Түрік хикаялары маған қызығырақ. Бірақ телеарнаға телміріп хикая көретін уақыт менде жоқ.

сулейман

Есесіне түрік хикаяларында байқаған сұлу қыздар баршылық. Мен көбінесе хикаядағы түріктердің мәдениетіне, қыздарының киім киісіне және сұлулықтарына баса назар аударып отырамын.

туркия

Небір хикаяларды көргенім де рас. Әсіресе, ең ерекше «Махаббат пен жаза», «Сырлы Стамбул», «Көк пен жердің арасы», «Листопад» ұнаған телехикаялар. Көптің сүйіктісі болып үлгерген «Сұлтан Сүлейманды» мен көрмеймін. Тарихтан гөрі өсекке көп басымдық берген хикая режиссеры нені ойлағаны маған түсініксіз.

түркиия

Ескі хикаялар еске түсе бастағанда қайта көргім келіп кете береді. Алайда, басынан 120 шақты серияны көргеннен гөрі суреттерді қарап шыққан дұрысы болар. Солайша еске көп хикая кейіпкерлері түсті. Әрине ішінен таңдап өзімше сұлу қыздардың ретін жасап та алдым.

Мен үшін ең әдемі түрік хикаяларының аруы Фехрие Эвджен. Расында, күлгенде сұлулығы еселене кетеді. Көптеген телехикаяларда басты рөлді сомдаған аруымыз тамаша киноларда да түрлі рөлдерді алып шыққан. Мәселен, барлығына жақсы таныс «Ты мой дом». Өте әсерлі кино. Қысқасы, Фехрие алғашқы орынды еншіледі)))

фехриетойэвджен

Келесі аруымыз «Махаббат пен жаза» телехикаясында Ясемин рөлін үздік алып шыққан Нургюль Ешилчай десем де болады. Саваш пен Ясеминнің шытырман өмірі көпті өзіне қаратты. Әрине, басты рөлді осындай тартымды актерлар құрамы ойнағаннан да болар.

нургульнургулььнурггуль

Үшінші орында «Сырлы Стамбул» телехикаясындағы сұлу әрі нәзік қыз Су. Яғни, Синем Кобал. Бұл рөлді жақсы алып шыққан аруымыз үшінші орында жалғыз емес. Мен хикаяда Судың қарсыласы болып келген Айшагүлді де осы орынға қатар қоюды дұрыс деп таптым. Мерве Болугур Синем секілді арулар қатарында орын алуға әбден лайық.

синемкобалмервемерве

Үздік үштік міне, осындай. Бұл менің ғана ойым. Түркияда мүмкін басқашалай шығар. Сіздің де пікіріңіз менікімен сәйкес болмауы да мүмкін. Дегенмен, түрік хикаялары хақында менің пікірім осылай.

қазақтың қызы

Түрік арулары өз алдына бір бөлек. Қазақтың арулары, әрине, ерекше. Әркімдікі өзіне, айдай көрінер көзіне дейді емес пе?! Қысқасы осы!)))))))))))))




Бөлісу: