Қалай үйлесімді жетілген тұлға болуға болады?

Арамызда кейбіреулер интернет немесе теледидар алдында тәулік бойы отыратын адамнан ақылдысыз ба, жетік адамсыз ба деп сұраған шығар?

Ең алдымен үйлесімді жетілген адам деген кім, соны талқылайық? Ол білімді, тәрбиелі, болған нәрсені сараптай алатын және оған адекватты түрде қарай алатын адам, жақсы үй иесі, іскер әріптес, қызықты әңгімелесуші және адал дос.

Бұндай адам болу оңай емес, дегенмен, тырысып көрейік, мүмкін жолымыз болар?

Сонымен, үйлесімді жетілген тұлға – ең алдымен зерделі жетілген адам. Үйлесімді жетілген тұлғаның негізі адамгершілік, рухани күш және ақыл. Үйлесімді жетілген адам болу үшін өз-өзіңіз, ойларыңыз, дене, қоршаған ортадағы адамдармен және барлық әлеммен жарасымды өмір сүру керек. Рухани бай, білікті және жан-жақты жетілген адам болу керек, ондай адам өз уақытының қадірін біледі, оны текке жұмсамайды. Әр сағат өзі және өз жақындарының игілігі үшін өмір сүреді.

Ондай адам өмірде өзінің орнын тауып қана қоймай, онда табысты түрде кемелденеді де, өзінің бойында бар рухани қасиеттерді сақтайды: рақымдылық, жақсы көре алу қасиеті, бар әсемдікті бағалау, әлемге тек жақсылық әкелу. Әр кез білімге ұмтылып, кітап оқып, ой-өрісті кеңейту керек. Алайда барлығын біліп, бар уақиғалар жөнінде хабардар болу шарт емес, адам оқиды, оқу барысында өзі үшін жаңа бір нәрсе ашады.

Әрине, бұл қасиеттерді бала кезден жетілдірген жақсы. Егер кешігіп қалсаңыз – қайғырмаңыз, жақсы жаққа өзгеру, ешқашан кеш емес!!!

Қорытындылайық. Үйлесімді жетілген тұлға болу үшін: · Позитивті ойлау · Ой-өрісті кеңейту · Спортпен шұғылдану · Қол қусырып отырмау · Әр кез кемелдену · Өз уақытыңызды қадірлеу · Жақындарыңызға көмектесу · Көп оқу · Жақсы көру Біз барлығымыз жай ғана адамбыз. Әр адам – ешкімге ұқсамайтын, жеке дара тұлға. Қандай адам болуды – сіз ғана шешесіз.


Бөлісу: