Стрестен қорғану

Стрестен қорғану
жеке
блог

Қазіргі өмірде стресстен қашып құтылу мүмкін емес. Ауа-райының күрт ауысуы, жұмыстағы проблемалар, көліктегі ұрыс-керіс, кездесуге кешігу, отбасындағы келеңсіздіктер.

Стресті жеңу үшін не істеу қажет

Біріншіден: стресс кезінде ағзада витаминдер қоры бітеді , әсіресе, В витамині жетіспейді. Дәрігерлердің көбі витаминдерді пайдалану қажет десе де, шамаңыз келсе пайдаланбаған жөн.

Екіншіден: денені шынықтыру қажет. Спортзалға жиі барып дене шынықтыру жаттығуларын жасаңдар, билеңдер, ән айтыңдар, бассейнге барып жүзіңдер, далада көп серуендеңдер.

Үшіншіден: психикалық және физикалық демалу үшін релаксация қажет. Келесі әдістерді қолданып көріңіздер. Баяу музыканы тыңдап, түнгі аспанға қарап армандаңдар.

Төртіншіден: үйлесімді өмір сүру үшін ең алдымен отбасының, жолдастарыңның, жақын - тустардың көмегі қажет, Психологиялық тренингтерге барып, жанұядағы салтанатты мәжілістерге, тойларға баруды және қызықты жаңа адамдармен танысуды ұмытпаңыздар. Ата - аналарыңа, өздеріңнің әжелері мен аталарыңа, ағаларың мен апайларыңа және басқа жақын туыстарыңа барып, амандығын білуге тырысыңыз. Өйткені олар да сізден махаббат, қамқорлық, мейірімді жылы сөзді күтіп отыр.

Стреске қарсы әдістер

 Алдын алудың 9 түрлі ережелері

        Біздің өміріміздің  жылдамдығыныңүдей түскені сонша, бұл тек біздің жүйке жүйемізге әсер етіп қана қоймай, адамның денсаулығына да кері әсерін тигізеді. Ғалымдар қазіргі өркениетті» адамдарға «стрестік қоршауда» қалып қоймас үшін өздерінің әдістерін талмай шығаруда.

1.  Аптадағы жарты күнді өзіңізге ұнайтындай етіп өткізіңіз: суда жүзіңіз, билеңіз. Демалып, қыдырыңызнемесе бақтағы орындыққа отырыңыз. Өзіңізді тек қана жұмысқа арнағанды тоқтатыңыз!

2.  Күніне бір реттен кем емес өзіңізге ең қымбат адамға сөз айтыңыз. Оның сізге де сондай жауап қайтаратындығына күмәніңіз болмасын.

3.  Аптасына 2 немесе 3 рет дене жаттығуын жасаңыз. Жаттығулар адамды.мезі ететіндей болмасын, егер жаттығудан кейін сізге душ қабылдау керек болса, онда сіз бір нәрсені дұрыс істемедіңіз немесе жаттығуды дұрыс жасамадыңыз.

4.  Суды көбірек ішіңіз, денені қалыпта ұстау үшін күніне 1-1,5 литр су ішу қажет.

5.  Аптасына бір рет өзіңізге «зиянын» тигізетін іспен де айналысып көріңіз (мысалы, тәттілер жеу арқылы диетаны «сәл-сәл» бұзуға болады немесе әдеттегіден ерте немесе кеш жатыңыз).Өзіңізді бақылауда ұстаңыз, егер бұл әдеттерді қайталай беріп дағдыға айналдырып алсаңыз, онда сіз ипохондрик (ешкімнің айтқанын елемейтін адамдар) боласыз.

6.  Өз өміріңізді бұзуға асықпаңыз. Сізге келген кейбір хаттар мен телефон қоңырауларына көңіліңіз соқпаса жауап бермей –ақ қойыңыз. Жұмысы жоқ кейбір адамдар сізге ұнамайтын және керек емес әңгімелерді айтып сіздің өміріңіздің минуттарын, сағаттарын (сондай  - ақ күндерінде!) ұрлауда, сөйтіп сізде стрестер туғызуда.

7.  Көңіл – күйіңіз түсіңкі немесе ашулы болсаңыз, күш қажет ететін жұмыс істеңіз: бақшада жұмыс істеп, арықтарды тазалаңыз, үй жиһаздарын ауыстырыңыз немесе үйдегі ескі ыдыстарды сындырыңыз. Немесе қала сыртына шығып айғайлаңыз. Бұндай әрекеттер адамды стрестен құтқаруға көмектеседі.

8.  Күніне ең аз деген де бір банан жеңіз. Онда барлық витаминдер, микроэлементтер бар, сонымен қатар оның энергетикалық құндылығы жоғары.

9.  Өзіңізге жазатын қондырғысы бар телефон аппаратын сатып алыңыз (нөмір анықтауышы бар). Бұл сізге әрбір қоңырау келген сайын орныңыздан тұрмауыңыз үшін және сізге қажет барлық ақпаратты алу үшін қажет.

       Онша  қиын емес әдістер, келісесіз бе? Бұл әдістерді орындау арқылы сіз көптеген стрестерден аулақ боласыз.