Кезексөз: Мен массагетке қалай келдім?

Кезексөз: Мен массагетке қалай келдім?
жеке
блог

Сәлем,  достар! Жадөш, эстафета  үшін рахмет)

Мен массагетке қалай келдім? Әсте, бұндай ерекше  жағдайды  ұмыту  мүмкін бе?  Жазда автобуста отырып,  агентке  кірдім. Кіргенім сол еді,  телефоным тызылдап блогтар  шыға берді. Қарасам массагеттен «Қазақстан тарихы. ҰБТ сұрақтары» деген жазулар екен. Осы сайттың  бар екенін  білгеннен соң ноутты қосып, сайтқа кірдім. Кірдім де шыға алмай  қалдым.  Блогтарды оқыдым. Маған әсіресе Поэзия  мен Психология  бөлімі қатты ұнайтын. Сол күннен бастап  сүйікті порталдың  тұрақты оқырманына айналдым. Ұнаған мақалалар астына пікір  жазғым келіп, бірнеше рет тіркелуге әрекет  жасадым. Тіркеле алмаған соң, қолды бір сілтеп, тек қана  оқып  жүрдім. Мұнда жазылған блогтарды  біз сияқты қарапайым адамдар жазады деп мүлдем ойламаппын. Мектепте  наурыз мерекесі аяқталған соң  бірден ынжырғам түсіп, мүлдем мені танымайтын әлемге кеткім кеп, қиялдап  үйге келдім  де, массагеттегі психология айдарындағы ақыл кеңестерді оқып отырып,  қайта тіркеліп көрейінші деп, тіркелдім. 22-наурыз күні «Таныстық»  деген атпен  алғашқы жазбамды жаздым (кейін  өшіріп тастаппын. Білмейм неге екенін))) Алғашқы жазбаларым сондай  негатив еді. Мен екенімді ешкім білмесін деп, жасырын атпен  жазба жариялап  жүріп, қатты бауыр басып қалдым. Міне, мен массагетке жаз айына оқырман болып келіп, араға 9 ай салып тұрақты  блог жазушылар қатарына  қосылдым.

Массагет - менің өміріме ерекше  өзгеріс әкелген орта. Себебі, мен  өз мамандығымды таңдаған кезде  қай бағытқа баратынымды білмейтінмін. Мұнда блог жаза бастағалы, жаңа медиа  саласына қызығушылығым арта түсті. Болашақта журналистиканың осы саласында болғым келеді.

Массагет админдері Астанадағы  оқырмандарымен кездесу сәтінен. Айтпақшы,  бұл фото біздің деканатта ілулі тұр ;)

Массагет – маған  дос сыйлаған орта. Достың кім екенін, достық сезімнің бар екенін ұқтырған орта.

Астанадағы массагеттіктердің алғашқы кездесуінен. Сапасына мән бермеңіздер) Астаналық массагеттіктердің алғашқы бас қосу кешінен. Сапасына мән бермеңіздер ;)

Массагет – мені ғашық еткен орта)

Ваааай, енді оның фотосын салмайм ғой)

Массагет –  мені жылауық халден «қумагүл»  халге әкелген орта. Қумагүл деп отырғаным, үнемі  позитив  болып  жүруді үйреткен орта.

"Бәәәрің ана жаққа қараңдар. Типа, киноатеатрда отырғандай" деген сурет) Астаналық массагеттіктердің тұңғыш президент күнінде бас қосуынан ;)

Массагет – маған бауырлар сыйлаған орта. 

Эстафета таяқшасын әр жазбасынан терең дүниені көрсететін Мақпал әпкеге беремін. Қабыл алаыңыз)